Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының ректормен кездесуі

2021 жылдың 21 қазанында “Bolashaq” академиясының ректоры Қ.Н. Меңлібаев қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті. Кафедра меңгерушісі Қ.З. Сембиев 2021-2022 оқу жылындағы жүргізіліп жатқан және алда атқарылатын жұмыстар жайында төмендегідей мәселелерге тоқталды:

– оқу-әдістемелік жұмысты жандандыру.

– кафедра қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу белсенділігін арттыру.

– оқу бітіруші түлектердің практикалық базаларымен келісім-шартқа отыру.

Кафедра меңгерушісінің қысқаша мәлімдемесінен кейін академия ректоры атқарылатын жұмыстар туралы нақты тапсырма берді :

– кафедра оқытушылары мен студенттерінің академиялық ұтқырлық жұмысын жандандыру;

– практика өту кезінде студенттермен үнемі байланыс жасап отыру мәселесін қадағалау;

– қосдиплом білім беру жұмысын қолға алу;

– монография, оқулық, оқу құралдары мен әдістемелік нұсқауларды білім беру бағдарламасының салалары бойынша кезең- кезеңмен дайындау;

– дәстүрлі «Жас филолог» пәндік олимпиадасын мектеп ұжымымен бірлесе өткізу;

– кәсіптік бағдар беру жұмысын жандандыру.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *