Встреча с акынами

В Караганде завершился международный айтыс, посвящённый 125-летию общественного и политического деятеля, поэта Сакена Сейфуллина. Песенный конкурс, проходивший в рамках программы «Рухани жаңғыру», собрал сильнейших акынов из Казахстана и зарубежья.

В течение двух дней на сцене Областного казахского драмтеатра имени С. Сейфуллина шла борьба импровизаторов. По словам членов жюри, было сложно выбрать лучшего из лучших. В итоге по решению судейской коллегии вручили два главных приза.

В течение двух дней на сцене театра 18 айтыскеров боролись за главный приз.

Читать новость

После окончания конкурса академию «Bolashaq» посетили известный писатель, редактор, сценарист, журналист, общественный деятель Даурен Куат и молодые поэты Кайрат Аскар и Багдат Мубурак.

В актовом зале академии прошла встреча акынов со студентами. Читались стихи, велись беседы и дискуссии о литературе. Гости отвечали на вопросы студентов.

Қаламгерлермен кездесу

Осы жылы ұлт руханиятының «Үш бәйтерегі» қазақтың асқақ рухты, ұлтжанды ұлдары Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толып отыр. Өмірлері қысқа, қамшы сабындай келте, тағдырлары ауыр болса да, артта қалған ұрпаққа ғибраты мол мәнді туындыларды мұраға қалдырған «үш арыстың» мерейтойы еліміздің өңір-өңірлерінде ауыз толтырып айтарлықтай аталып өтуде.

Қыркүйек айында Қарағанды өңірінде қазақ поэзиясының дауылпазы, сол кезеңнің қызыл аты атанған, өзі де, сөзі де көркем, саптыаяққа ас құйып, сабынан қарауыл қараған аласапыран алмағайып кезеңде ғұмыр кешсе де, елдік мұратты күйттеуден қазақ тілін мемлекеттік дәрежеге көтеруге ұмтылған Сәкен Сейфуллинге арналған үлкен шаралар ұйымдастырылды. Сәкеннің тойы туған Жаңаарқасынан Қарағандының төрінде тойланып, қоғам қайраткеріне арналған халықаралық айтыс дүбірлеп өтті. Сәкен тойының заңды жалғасындай сол мезетте жас ақын-жазушылардың форумы болып өтті. «Әдебиет – ардың ісі» дейтін қанатты сөзді арқау тұтатын ақын-жазушлардың форумнан «Bolashaq» академиясы қалыс қалмады.

Жергілікті атқарушы биліктің алқауымен «Bolashaq» академиясының ұжымы форумға келген «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы Дәурен Қуатпен, жазушы, сценарист, журналист, қоғам қайраткері Дидар Амантаймен, Республикалық «Шабыт» жастар фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жүлдегері, ақын Қалқаман Саринмен кездесу өткізуді ұйымдастырғанды. Алайда біздің өкінішімізге қарай кездесуге белгілі бір себептермен Дидар Амантай мен Қалқаман Сарин келе алмады. Кездесу журналист һәм жазушы М. Қашқари атындағы және Ғ. Мүсірепов атындағы сыйлықтардың лауреаты Дәурен Қуатпен өткізілді. Академияға ол жалғыз келген жоқ.

Жанына форумға қатысушы екі ақын жерлесіміз Бағдат Мүбәрак пен Қайрват Асқарды ала келді. Кездесу кезінде Дәурен Қуат көпшілікті төл шағармашылығымен таныстырды. Сиясы кеппеген соңғы жазылған кей әңгімелерінің мазмұнын ауысша баяндап отырды. Әдебиет қауымына есімдері әйгіленіп, шығармашылықтарының дәмелі бигінен көрініп үлгерген Бағдат Мүбәрак пен Қайрат Асқар жырдан шашу шашып, кеш көрігін қыздырып отырды. Кездесу барысында академияның ақындыққа бейімі бар студенттер төл өлеңдерін оқып, өнерлерін ортаға салды.

Кездесу соңында ректор Қ.Н. Меңлібаев қонақтарға академия ұжымы атынан Бұқар жырау, Қазыбек би, Сәкен Сейфуллинге арнап шығарған энциклопедиялық кітаптарды табыс етті. Кеш қызықты өтті. Студенттер қаламгерлермен қимай-қимай қоштасты.

Е.Е. Cерімов, з.ғ.к,, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бастағы

ЖАҢА ЗАМАН ӘДЕБИЕТІ АКАДЕМИЯМЫЗДА

19-20 қыркүйек күндері Қарағандыда алғаш рет республикалық жас ақын-жазушылар форумы өтті. Мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы аясында ұйымдастырылған игі шараға облыс әкімдігі қолдау көрсетіп, облыстың жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ұйытқы болды.

Еліміздің түпкір-түпкірінен ат басын бұрған жас ақын-жазушылардан бөлек, форум жұмысына Исраил Сапарбай, Серік Ақсұңқар-ұлы, Ғалым Жайлыбай, Жүрсін Ерман, Абзал Бөкен, Гүлнар Салықбай, Маралтай Райымбекұлы, Дидар Амантай, Бақытжан Алдияр, Бақыт Беделхан, Әлия Дәулетбаева, Ерлан Жүніс, Танакөз Толқынқызы, Алмас Темірбай, Дәулеткерей Кәпұлы, Бағдат Мүбәрак, Қайрат Асқаров, Аягүл Мантай сынды қарымды қаламгерлер қатысты. Сондай-ақ, «Егемен Қазақстан» газетінің Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат Арқа төріне арнайы ат басын бұрыпты.

Ал 20 күні «Bolashaq» академиясының студенттерімен «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат, Қарағандының қара өлеңінің хас шеберлері Бағдат Мүбәрак пен Қайрат Асқар кездесуге келді. Аталмыш кездесуге академиямыздың ректоры Меңлібаев Құрал Несіпбекұлы өзі ұйытқы болды. Бір таң қаларлығы әдебиет, руханият жайында келелі әңгімелер сөз қозғалғанда студенттеріміздің аузын ашып тыңдағандығы. Сондай-ақ ақындарымыз өлеңдерін оқығанда студенттер де қосылып отырды. Ақынның алдында өлең оқыған бір ғанибет екенін академия студенттері түсінгендей. Неге десеңіз, өздерінше қалам тербеп, өлең жолына енді маңып бара жатқан жас ақындарымыз өз шығармашылықтарынан шашу шашты. Кездесу соңында естелік сыйлықтар таратылып, суретке түсті.

Ерзат Ермағамбетов


Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.