Академиялық ұтқырлықты жүзеге асырудың негізгі мақсаты – ол білім берудің сапасын халықаралық ақпараттық қоғамға бейімделген жаңа мамандарды тәрбиелеу арқылы арттыру. Қазіргі таңда академиялық ұтқырлық серіктес жоғары оқу орындар арасында студенттер, магистранттар алмасудың тиімді формасының бірі.

2024-2025 оқу жылының 1-семестріне А.Қ.Құсайынов атындағы Евразия гуманитарлық институтының Педагогика және психология білім бағдарламасының студенті Аманова Нұрәсем Меирханқызы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша “Bolashaq” Академиясына өз білімін шыңдауға келді .
Академиялық ұтқырлық – білім алушылардың (студент, магистрант) немесе оқытушы-зерттеушінің нақты бір академиялық мерзімге басқа ЖОО-на барып білім алуы немесе зерттеу жүргізуі.
Бұл саяхаттар тек білім беру мақсатында, білім алушылардың мәдени білім деңгейін көтеру, ой-өрісін кеңейту мақсатында өткізіледі.
Аманова Нұрәсемді ПиП-22-2 тобы эдвайзері С.К.Мекадилова қарсы алып, топпен, академия өмірімен, ережелерімен таныстырды.
