Парасаттылық сағаты

“Bolashaq” академиясының студенттері 2020 жылғы 1 қазанда онлайн режимінде өткен республикалық “парасаттылық сағатына” қатысты.

Бұл “парасаттылық сағаты” қазақстандық жастар үшін жаңа тұлға, замандас және табысты жас көшбасшы – Ренат Бектұровпен танысуымен ерекшеленді.

Ренат Бектұров 1984 жылы 13 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Astana International Exchange Басқарма Мүшесі. Қаржылық қызмет көрсету саласында 10 жыл жұмыс істейді. ТМД аймағындағы сукук (исламдық бағалы қағаздар) алғашқы шығарылымы сияқты борыштық капитал нарығындағы бірқатар маңызды мәмілелерге қатысты.

Ренат Лестер университетінің банк және қаржы магистрі дәрежесін, сондай-ақ сертификатталған қаржы талдаушысы (CFA Charter Holder) дәрежесін алды. Президенттік жастар кадрлық резервінде бірінші орын алды

Leave a comment

Your email address will not be published.