New items in the library collection

The Bolashaq Academy Library continues to acquaint readers with new items in its collection.

We bring to your attention the literature, which entered the fund of the library in the Kazakh language.

The library invites readers to the address: 17 Abaya Street.

26.89(5Каз)я2      
Қ71

Қу – Балқантау: Энциклопедия /редакторы Е.Балташұлы -Қарағанды: Типография Арко – 2017. – 432 бет.
ISBN 978-601-204-421-8

Қу Балқантау өңірінің орналасқан жерін, табиғи түзілісі мен жер қойнауы байлығын, тарихын, аумақтың шежіресін жасауға ықпал жасаған бірегей тұлғалар, экономикасы мен мәдениетін өркендетуге үлес қосқан адамдардың өмірі мен қызметі жайлы мағлұмат беретін бұл басылым өлке танушыларға, тарихшыларға, жалпы қалың оқырман қауымға арналған. Қолыңыздағы еңбекте тарихы мыңжылдықтардың тереңінен тамыр тартатын көне де жаңа Қу – Балқантау өңірінің географиялық орналасу орны мен климаты, табиғаты мен кен қазбалары, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, байырғы тас дәуірінен бүгінгі нанотехнология заманына дейінгі тарихы жайлы мағлұматтар қамтылған. Кезінде осы кеңістікте болған әкімшілік бөлініске қарасты аумақта орналасқан тарихи һәм мәдени ескерткіштер, халық қасиетті санайтын киелі орындар, елді мекендер, кәсіпорындар мен шаруашылықтар, осы топырақта кіндік қаны тамған бірегей тұлғалар мен мемлекет, қоғам қайраткерлері, ғылымдар мен өнер шеберлері, Егіндібұлақтың және бір кездері оның бағынысында болған ауылдардың өсіп-өркендеуіне еңбегі сіңген азаматтар жайлы мағлұматтар, т.б. деректер әліпбилік ретпен берілді. Энциклопедия ұлт рухына, туған жер тарихына жанашыр азаматтардың материалдық көмегімен жарыққа шықты.

63.3(5 Каз.)  
А 55

Алшанов Р.
Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар. Толықтырылған төртінші басылым. – Алматы: Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, «Туран» университеті, 2019. 445- бет Мәтінін аударған: С. Арпабеков Өлеңдерін – С. Оспанов
ISBN 978-601-214-407-9

Бұл жұмыста бұдан жиырма екі мың жыл бұрын Жерді апаттық жағдайға ұшыратқан жойқын метеороидтық шабуылдардың әсерін анықтау барысындағы көптеген елдердің ғалымдары мен мамандарының көпжылдық зерттеулерінің нәтижесі қарастырылған. Осы катаклизмнің куәгері болатын «от шашқан айдаһарлар» туралы көптеген халықтардың аңыздары мен мифтері талданған. Сол отты селдердің кейбір бағалары мен тұжырымдары бірінші рет беріліп отыр. Маңызды деректер беретін «Авеста», «Энума Элиш» сияқты еңбектердің алатын орны баса айтылған. Жұмыс осы мәселе қызықтыратын оқырмандарға, ғалымдарға мамандарға арналған.
Мұқабадағы суретте: комета Галлея, 1997 жылғы. NASA фотосы

82.3(2=Каз)
Е 69

Ер есімі ел есінде: Жинақ (Халық батыры Жидебай Қожаназарұлы туралы материалдар). — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2013. — 235 бет.
ISBN 978-9965-39-394-5

Жинақта XVIII ғасырда өмір сүрген, жоңғарларға қарсы шапқыншылықта айрыкша көзге түскен, Абылай ханның сенімді серіктерінің бірі болған, әрі шешен, әрі қолбасшы, әрі әулие халық батыры Жидебай Қожаназарұлының өмірі мен ерлігіне катысты зерттеу еңбектері және көркем туындылар жинақталып беріліп отыр. Сонымен қатар, қазақ-жоңғар шапқыншылығына қатысты тың ойлар мен пікірлер берілген. Бірнеше ғасырға созылған соғыста ерлігімен ерекше танылған Айтуған, Әлтеке, Дос, Қожаназар туралы да мәліметтер баршылық. Кітап көпшілік оқырмандарға және тарих, әдебиет, фольклор саласы бойынша іздену жұмысын жүргізетін зерттеушілерге арналған.

63.3(2)614-361я2

А 40

“АЛЖИР” мұражайы қорындағы коллекциялар каталогы [Мјтін] = Каталог коллекций фонда музея “АЛЖИР” : научное издание / бас. ред. Б. Жүнісбеков ; кұраст. Ш. Смайылова [и др.]. – Астана : [б. и.], 2012. – 367 с. : ил. – ISBN 978-601-80283-3-5

Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының “АЛЖИР” мемориалды мұражай кешенінің негізгі және ғылыми-көпшілік қорларында халқымыздың басына түскен зобалаң кезеңге қатысты жәдігерлер жинақталған. Олар ғалымдар мен жазушылардың ғылыми-зерттеу мақалалары, куәгерлер мен олардың ұрпақтарының естеліктері. Соның шағын бір бөлігі ғана мұражайдың тұңғыш шығарылып отырған каталогына енгізілді. Кітап тарихымызды танып, білуге мүдделі барша оқырман қауымға арналған.

As of today, the main and auxiliary funds of “ALZHIR” Museum-Memorial Complex of Victims of Political Repressions and Totalitarianism contain materials of museum value, telling about the tragic periods of our people. These are research articles of scientists and writers, memories of witnesses and their descendants as well as personal belongings of the victims of the totalitarian system. Of all this, only a small part is included in the museum catalog, published for the first time. The book is dedicated to all readers interested in an unbiased study of our history.

Leave a comment

Your email address will not be published.