В рамках реализации государственной программы “Рухани жаңғыру” по проекту “Новое гуманитарное знание. 100 новых учебников на казахском языке” библиотека Академии “Bolashaq” пополнилась новой литературой.

Библиотека приглашает читателей по адресу: улица Абая, дом 17.

Э 64

Эндрюс H.
Азаматтық ic жүргізу: Coт өндірісі. I том: l-кітап. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық коры, 2020. – 416 бет. ISBN 978-601-7943-81-3

Бұл кітап азаматтық процесс саласындағы Англияның ең танымал мамандарының бірі, Кембридж университетінің профессоры Нил Эндрюс дайындаған оқу құралы. Автор әрбір тарауды жан-жақты зерттей келе, азаматтық процестегі пікірталастарды баяндайды, Англияның кұқык жүйесіндегі реформаларға және дауды реттеудің балама жолдарына тоқталады. Дауды шешу және реттеу үшін бизнесмендер ағылшын сотына жүгінеті қазіргі танда кітаптың берер мағлұматы мол. Әсіресе еліміздегі сот саласындаты реформаларды ескерсек, қай
нормаларды дамыту керек, олардың қайсысы ағылшын практикасында сәтсіздікке ұшырады, сот жүйесінде қандай норма басшылыққа алынуы керек деген сұрақтарга жауапты осы кітаптан таба аласыз.

Еңбек заң факультетінің студенттеріне, азаматтық іс жүргізу саласын зерттеуші мамандар мен оқытушыларғa, заңгерлерге, осы салаға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.

ТитульныйСкачать

МазмұныСкачать

Алғы-сөзСкачать

Э 64

Эндрюс H.
Азаматтық ic жүргізу: Сот өндірісі. I том: 2-кітап. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық қоры, 2020. – 488 бет. ISBN 978-601-7943-82-0

Бұл кітап азаматтық процесс саласындағы Англияның ең танымал мамандарының бірі, Кембридж университетінің профессоры Нил Эндрюс дайындаған оқу құралы. Автор әрбір тарауды жан-жақты зерттей келе, азаматтық процестегі пікірталастарды баяндайды, Англияның кұқык жүйесіндегі реформаларға және дауды реттеудің балама жолдарына тоқталады. Дауды шешу және реттеу үшін бизнесмендер ағылшын сотына жүгінеті қазіргі танда кітаптың берер мағлұматы мол. Әсіресе еліміздегі сот саласындаты реформаларды ескерсек, қай нормаларды дамыту керек, олардың қайсысы ағылшын практикасында сәтсіздікке ұшырады, сот жүйесінде қандай норма басшылыққа алынуы керек деген сұрақтарга жауапты осы кітаптан таба аласыз.

Еңбек заң факультетінің студенттеріне, азаматтық іс жүргізу саласын зерттеуші мамандар мен оқытушыларғa, заңгерлерге, осы салаға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.

Титульный-3Скачать

Мазмұны-3Скачать

Алғы-сөз-2Скачать

Э 64

Эндрюс H.
Азаматтық ic жүргізу: Медиация және арбитраж. II том. – Алматы: «Ұлттық аударма
бюросы» қоғамдык қоры, 2020. – 408 бет.
ISBN 978-601-7943-88-2

Англиядағы азаматтық іс жүргізу бойынша үздік сарапшы саналатын Кембридж университетінің азаматтық және жеке құкық профессоры Нил Эндрюстің бұл кітабында азаматтық іс жүргізудегі мәселелер жан-жақты баяндалған. Автор дауларды реттеудің негізгі түрлерімен қатар, балама жолдарымен де таныстырды. Еңбекте сот талқылауы, медиация мен арбитраж, сот әділдігі мәселелері мысалдар арқылы жан-жақты әрі практикалық тұрғыда түсіндірілген. Оқулықтағы кейстер Англия мен Уэльс қана емес, баска елдердің азаматтык іс жүргізу кұқығындағы әдіс-тәсілдерге сүйене отырып жасалған. Кітапта азаматтық іс жүргізуге қатысты түрлі еңбектерден дәйексөз бен библиографиялык сілтеме молынан берілген.

Титульный-4Скачать

Мазмұны-4Скачать

Б25   
Бартлетт Стив, Бертон Диана
Білім берудегі зерттеулер. Kiріспе. – Алматы: «Ұлттык аударма бюросы» қоғамдык коры, 2020. 464 бет.
ISBN 978-601-7943-78-3

Соңғы жылдары білім беру ісін зерттеу жеке пән саласы ретінде қарқынды дамып келеді. Ұсынылып отырған еңбекте студенттерге жан-жақты қолдау көрсету мақсатында терең зерттеуді қажет ететін бірқатар жеке оқыту салалары жөнінде кеңінен баяндалған. Авторлар білім берудің түрлі аспектілері мен оған қатысы бар әлеуметтік және саяси құрылымдарды, ұлттык оқу бағдарламаларының жасақталуына әсер ететін әлеуметтік өзгерістерді, экономикалық қысымдар мен саяси факторларды талдай отырып, білім беруді қаржыландыру, оның құрылымының кеңеюі мен өзгеруі жөніндегі мәселелерді де тілге тиек етеді. Білім берудегі соңғы жетістіктерге тоқтала отырып, адамның мінез-құлқы, мотивация, жетістік

Мазмұны-5Скачать

Титульный-5Скачать

Б 73  
Больман Филип
Әлем музыкасыныц тарихы. l-бөлім. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық коры, 2020. – 460 бет.

ISBN 978-601-7943-91-2

Әлем музыкасы заманауи медианың дүниежүзіне жаһандануды тарататын өнімі емес, адамзат тарихындағы мәдениеттер мен тілдерді, діндер мен өркениеттерді байланыстыратын үлкен мұра екені мәлім. Тарихқа көз салар болсақ, әлем музыкасы халықтардың түрлі салт-жоралғылары мен діндерінен, сан қилы тағдыры мен тұрмыстық ерекшелігінен тамыр тартады. Осы кітапта жинақталған мақалалар оқырманға Еуропа, Қытай, Үндістан, мұсылман елдері, Оңтүстік және Солтүстік Америка музыкасындағы байланыстар мен назар аударуға тұрарлық елеулі сәттерді ұсынады. Авторлардың жинакта ұсынылған мақалаларында мәдени қақтығыстар мен кикілжіңдер, ежелгі өркениеттерден бастап, ғылымның өзегі болған орта ғасырлардағы мұсылман ғалымдардың теориялары, Қайта өрлеу кезеңінен постмодернге дейінгі Еуропа музыкасы жан-жақты қарастырылған. Жалпы, жинақ бүгінде танымал және классикалық музыка ретінде танылған түрлі халықтардың музыка тарихын егжей-тегжейлі баяндайды. Кітап музыкатанушылар мен өнертанушыларға ғана емес, музыка тарихына қызығатын барша оқырманға арналған.

Титульный-6Скачать

Мазмұны-6Скачать

Алғы-сөз-3Скачать

Б 73  
Больман Филип
Әлем музыкасыныц тарихы. 2-бөлім. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық коры, 2020. – 388 бет.

ISBN 978-601-7943-91-2

Әлем музыкасы заманауи медианың дүниежүзіне жаһандануды тарататын өнімі емес, адамзат тарихындағы мәдениеттер мен тілдерді, діндер мен өркениеттерді байланыстыратын үлкен мұра екені мәлім. Тарихқа көз салар болсақ, әлем музыкасы халықтардың түрлі салт-жоралғылары мен діндерінен, сан қилы тағдыры мен тұрмыстық ерекшелігінен тамыр тартады. Осы кітапта жинақталған мақалалар оқырманға Еуропа, Қытай, Үндістан, мұсылман елдері, Оңтүстік және Солтүстік Америка музыкасындағы байланыстар мен назар аударуға тұрарлық елеулі сәттерді ұсынады. Авторлардың жинакта ұсынылған мақалаларында мәдени қақтығыстар мен кикілжіңдер, ежелгі өркениеттерден бастап, ғылымның өзегі болған орта ғасырлардағы мұсылман ғалымдардың теориялары, Қайта өрлеу кезеңінен постмодернге дейінгі Еуропа музыкасы жан-жақты қарастырылған. Жалпы, жинақ бүгінде танымал және классикалық музыка ретінде танылған түрлі халықтардың музыка тарихын егжей-тегжейлі баяндайды. Кітап музыкатанушылар мен өнертанушыларға ғана емес, музыка тарихына қызығатын барша оқырманға арналған.

Алғы-сөз-5Скачать

Мазмұны-8Скачать

Титульный-8Скачать

Г-20

Гарман Е.Томас, Форг Е.Рэймонд.
Жеке қаражат. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 632 бет.
ISBN 978-601-7943-99-8

Гарман Е.Томас пен Форг Е.Рэймондтың «Жеке қаражат» оқулығы – экономикада каржы, несие, бағалы кағаздар, инвес- тициялау, сақтандыру, салық жүйесі, менеджмент тақырыптарын топтастырып жүйелеу арқылы жеке қаражатты өз алдына дербес білім курсына бөліп шығарған түбегейлі еңбек. Ақшаны тиімді жұмсаудың амалдары сипатталып, жүйеленген бұл оқулық үнемдеу мен инвестициялауға, несиені басқаруға, салықты жоспарлауға, кредит картасы бойынша борышыңызды азайтуға сентігін тигізіп, қаржылай тұрақты болашағыңызды қалыптастыруға көмектеседі. Сан түрлі қаржы мәселелерін қамтыған кейстер мен кәсіби мамандар кеңесі тақырыпты жан-жақты түсініп, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықтың мақсаты – кіріс пен отбасылық бюджетті басқару, несие, инвестициялау, сақтандыру, зейнетақы жинағы мен салық төлемдерін жоспарлау арқылы қаржылык қауіпсіздікке жетуді үйрету. Қазақ тіліне оқулықтың 13-басылымы аударылып, Қазакстанға бейімделіп дайындалды. Әр тарау Қазақстанға қатысты тиісті ақпаратпен, заңдармен және кейстермен толықтырылған. Кітап экономика, қаржы, менеджмент, маркетинг, есеп және аудит мамандықтарында оқитын студенттерге, окытушыларға және қаржысын тиімді басқаруға ниетті барлық оқырманға арналған.

Алғы-сөз-6Скачать

Мазмұны-9Скачать

Титульный-9Скачать

О55
О’Лири Зина
Зерттеу жобасын жүргізу: негізгі нүсқаулық. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы»
қоғамдык қоры. – 2020. – 472 бет.
ISBN 978-601-7943-98-1

Зина 0’Лиридің «Зерттеу жобасын жүргізу: негізгі нұсқаулық» кітабында зерттеу жобасын жүргізу процесі кезең-кезеңімен сипатталған. Бұл еңбекте зерттеу жобасына дайындалу, зерттеуге қатысты сұрактар әзірлеу, зерттеудің этикалық нормаларын сактау, әдістерді таңдау мен тәжірибеден өткізу, дерек жинау жоне талдау сияқты зерттеу жүргізуде қажет болатын қадамдар туралы жан-жакты сөз қозғалады. Кітап, ең алдымен, ЖОО студенттерге арналған. Бұл – зерттеу жұмысын жазып көргісі келетін оқырманның барлығына пайдалы кітап.

Мазмұны-10Скачать

Титульный-10Скачать

И73
Бентли Л., Шерман Б., Ганжи Д., Джонсон Ф.
Интеллектуалдық меншік қүқығы. I том. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы. – 2020. – 512 бет.
ISBN 978-601-7621-04-9

Интеллектуалдық меншік құқығы – құқықтың осы саласын мейлінше толық қамтитын елеулі еңбек. Кітапта авторлық құқық, патент, тауар белгісі, дизайн және өнеркәсіп үлгісі, жосықсыз бәсеке мен құпия мәлімет тақырыптары жан-жақты зерделенеді. Оқулықта ағылшын-саксон кұкығы (ор- тақ құқық) мен Еуропалық одаққа мүше көптеген елдерге тән роман-герман құқықтық жүйесіндегі интеллектуалдық меншік құқығын реттеудің басты принциптері талқыланады, құқық қорғау ұйымдарының қызметі жан-жақты сараланады. Сондай-ақ авторлар Еуропа сотында, Еуропалык одаққа мүше елдердің ұлттық сотында, негізделген АҚШ, Ұлыбритания соттарында қаралған істерді салыстыра сараптап сот шешімдеріне ұқықтық тұрғыдан бата береді. Бұл кітап болашақ кұқықтанушыларға ғана емес, жалпы интеллектуалдық меншік құқығы саласына қызығушылық танытатын оқырманға арналған.

Алғы-сөз-7Скачать

Мазмұны-11Скачать

Титульный-11Скачать

И73
Бентли Л., Шерман Б., Ганжи Д., Джонсон Ф.
Интеллектуалдық меншік қүқығы. II том. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы. – 2020. – 568 бет.
ISBN 978-601-7621-04-9

Интеллектуалдық меншік құқығы – құқықтың осы саласын мейлінше толық қамтитын елеулі еңбек. Кітапта авторлық құқық, патент, тауар белгісі, дизайн және өнеркәсіп үлгісі, жосықсыз бәсеке мен құпия мәлімет тақырыптары жан-жақты зерделенеді. Оқулықта ағылшын-саксон кұкығы (ор- тақ құқық) мен Еуропалық одаққа мүше көптеген елдерге тән роман-герман құқықтық жүйесіндегі интеллектуалдық меншік құқығын реттеудің басты принциптері талқыланады, құқық қорғау ұйымдарының қызметі жан-жақты сараланады. Сондай-ақ авторлар Еуропа сотында, Еуропалык одаққа мүше елдердің ұлттық сотында, негізделген АҚШ, Ұлыбритания соттарында қаралған істерді салыстыра сараптап сот шешімдеріне ұқықтық тұрғыдан бата береді. Бұл кітап болашақ кұқықтанушыларға ғана емес, жалпы интеллектуалдық меншік құқығы саласына қызығушылық танытатын оқырманға арналған.

Мазмұны-12Скачать

Титульный-12Скачать

И73
Бентли Л., Шерман Б., Ганжи Д., Джонсон Ф.
Интеллектуалдық меншік қүқығы. III том. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы. – 2020. – 604 бет.
ISBN 978-601-7621-04-9

Интеллектуалдық меншік құқығы – құқықтың осы саласын мейлінше толық қамтитын елеулі еңбек. Кітапта авторлық құқық, патент, тауар белгісі, дизайн және өнеркәсіп үлгісі, жосықсыз бәсеке мен құпия мәлімет тақырыптары жан-жақты зерделенеді. Оқулықта ағылшын-саксон кұкығы (ор- тақ құқық) мен Еуропалық одаққа мүше көптеген елдерге тән роман-герман құқықтық жүйесіндегі интеллектуалдық меншік құқығын реттеудің басты принциптері талқыланады, құқық қорғау ұйымдарының қызметі жан-жақты сараланады. Сондай-ақ авторлар Еуропа сотында, Еуропалык одаққа мүше елдердің ұлттық сотында, негізделген АҚШ, Ұлыбритания соттарында қаралған істерді салыстыра сараптап сот шешімдеріне ұқықтық тұрғыдан бата береді. Бұл кітап болашақ кұқықтанушыларға ғана емес, жалпы интеллектуалдық меншік құқығы саласына қызығушылық танытатын оқырманға арналған.

Мазмұны-13Скачать

Титульный-13Скачать

Э 64
Эндрюс Н.
Келісімшарт ережелері: Ағылшын құқығына түсініктеме. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдык қоры, 2020, 480 бет
ISBN 978-601-7943-90-5

Танымал ағылшын заңгері, құқықтанушы Нил Эндрюс бұл еңбегін ағылшын келісімшарт құқығы тақырыбына арнаған. Халықаралық мәмілелер жасасатын тараптар өзара қатынастарды реттеу құралы ретінде көп жағдайда ағылшын құқығына басымдық беретіні белгілі.

Кітапта келісімшарт жасасу ережелеріне түсіндірме беріліп, окуға қосымша әдебиеттер ұсынылған. Бұл еңбектің қалың оқырман қауымға, ортақ құқық қағидалары қолданылатын және қолданылмайтын елдердегі заңгерлер, судьялар, іскер топ өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, құқықтанушы ғалымдар, студенттер мен қатардағы азаматтарға көмегі тиері анық.

Алғы-сөз-8Скачать

Титульный-14Скачать

Д 28 
Жил Делөз
Кино 1. Қозғалыс-бейне. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020 – 304 бет.
ISBN 978-601-7943-97-4

Француз философы Жил Делөз (1925-1995) «Кино 1. Қозғалыс-бейне» және «Кино 2. Уақыт-бейне» атты екі томдық еңбегінде кино тарихын емес, кинодағы бейнелер мен семиотикалық белгілерді философиялық тұрғыда зерделеп, қозғалыс, кеңістік, уақыт және бейне сынды іргелі ұғымдарға бойлауға мүмкіндік беретін кино логикасына терең талдау жасайды. Ол дәстүрлі түсініктер аясынан шығып, киноны терең таным тұрғысынан айшықтау арқылы ішкі дүниесін пайымдауға бағыттайды. Оның көзқарасы бойынша әрбір фильм – философиялық шығарма. Осы орайда Анри Бергсонның «Материя және жад» еңбегіне сүйене отырып, кино теоретиктерімен пікірталасқа түсу арқылы кадр, план, кадрлау, кадрға болу және монтаж тәсілдерінің философиялық негізін анықтайды. Киноны философиялық ойлау деңгейіне көтеретін қозғалыс-бейне, сезім-бейне, әрекет-бейне, қабылдау-бейне және т.б үғымдарды енгізеді. Сол арқылы жаңа технологиялармен бірге өзгерген қазіргі заманғы адам болмысын, оның қабылдау үлгілерін кеңінен қарастырады. Бұл еңбек өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап кино өнеріне талдау жасауда кең айналымға түсті және кино теориясында да, кино облысына зор ықпал етті. Әлемнің көптеген жоғары оқу орындарында, кино академиясында маңызды еориялық еңбек ретінде оқытылып келеді. Кітап кино саласының мамандарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

Алғы-сөз-9Скачать

Мазмұны-14Скачать

Титульный-15Скачать

Д 28 
Жил Делөз
Кино 2. Уақыт-бейне. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020 – 368 бет.
ISBN 978-601-7943-97-4

Француз философы Жил Делөз (1925-1995) «Кино 1. Қозғалыс-бейне» және «Кино 2. Уақыт- бейне» атты екі томдық еңбегінде кино тарихын емес, кинодағы бейнелер мен семиотикалық белгілерді философиялық тұрғыда зерделеп, қозғалыс, кеңістік, уақыт және бейне сынды іргелі ұғымдарға бойлауға мүмкіндік беретін кино логикасына терең талдау жасайды. Ол дәстүрлі түсініктер аясынан шығып, киноны терең таным тұрғысынан айшықтау арқылы ішкі дүниесін пайымдауға бағыттайды. Оның көзқарасы бойынша әрбір фильм – философиялық шығарма. Осы орайда Анри Бергсонның «Материя және жад» еңбегіне сүйене отырып, кино теоретиктерімен пікірталасқа түсу арқылы кадр, план, кадрлау, кадрға болу және монтаж тәсілдерінің философиялық негізін анықтайды. Киноны философиялық ойлау деңгейіне көтеретін қозғалыс-бейне, сезім-бейне, әрекет-бейне, қабылдау-бейне және т.б үғымдарды енгізеді. Сол арқылы жаңа технологиялармен бірге өзгерген қазіргі заманғы адам болмысын, оның қабылдау үлгілерін кеңінен қарастырады. Бұл еңбек өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап кино өнеріне талдау жасауда кең айналымға түсті және кино теориясында да, кино облысына зор ықпал етті. Әлемнің көптеген жоғары оқу орындарында, кино академиясында маңызды еориялық еңбек ретінде оқытылып келеді. Кітап кино саласының мамандарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

Мазмұны-15Скачать

Титульный-16Скачать

Б-82     
Бордуэлл Д., Томпсон К., Смит Д.
Кино өнеріне кіріспе. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020 жыл. – 728 бет.
ISBN 978-601-7943-96-7

Алты бөлімнен тұратын бұл кітап авторлардың қырық жыл бойы ізденіп жазған ауқымды еңбегі. Кітапта фильм өндірісі процесінің әртүрлі аспектілері, кино технологиясы, жұмыс жүргізу мен оның бизнеске қатысты тұсы және фильм формасы кеңінен сөз болады. Еңбекте фильм жасау техникалары: мизансцена, кинематография, монтаждау тәсілдері мысалдар арқылы талданады. Әрі жанр идеясы ерекшелігіне карай топ-топқа бөлініп, жанжакты қарастырылады. Бұл кітап оқырманның фильм жөнінде өз сыни көзқарасын қалыптастыруына ықпал етеді.
Еңбекте кино өнерінің тарихы туралы да кеңінен айтылады. Туынды фильм түсіруге, кино жайлы еңбек жазуға талпынған мамандарға, осы бағытта оқитын студенттерге, оқытушыларға, әуеской фильм түсірушілерге арналған. Қарапайым көрермен бұл кітап арқылы фильмді түсініп, оны бағалауды, ой-пікір білдіруді үйренеді.
Мазмұны-16Скачать

Титульный-17Скачать

Э 53
Эльзессер T., Хагенер М.
Кино теориясы: сезім тұрғысынан кіріспе. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдык қоры, 2020.- 232 бет.
ISBN 978-601-7943-92-9

Кітапта кино теориясына тарихи шолу жасалады. Авторлар киноны қабылдау мен тән арасындағы қарым-қатынас тұрғысынан қарастырады және терезе мен жақтау, есік, айна, көз, тері, кұлақ және мисиякты жеті концептуал метафора негізінде саралайды. Қорытынды тарауда цифрлық дәуірдегі кинематографиялық тәжірибені зерттеу жолдары көрсетіледі. Қазақстанда ұлттык кинематография қанат жайып, дамып келе жатканда бұл еңбектің бағыт-бағдарымызды айқындауға, әлемдік үдеріске араласуға, жаңа ағым-тәсілдердің, кино жаңалыктарының бел ортасында жүруге септігін тигізері сөзсіз. Басылымда негізгі ұғымдарды түсіндіруге арналған глоссарий қоса берілген.

Мазмұны-17Скачать

Титульный-18Скачать

Ф  81   
Фрейлих С. И.

Кино теориясы: Эйзенштейннен Тарковскийге дейін. бюросы» қоғамдық қоры, 2020 жыл. – 412 бет.
ISBN 978-601-7621-07-0

Бұл – «Кино өнерінің теориясы» курсына арналған оқулық. Кітаптың авторы – кино өнерінің тарихы мен теориясын зерттеген белгілі ғалым. Ол өз тұжырымдамасында киноны XX ғасырдың өнеріне балайды, сондай-ақ бүгінгі адамзаттың рухани әлеміндегі киноның алар орнына баға береді. Зерттеу аясы айтарлықтай ауқымды: мұнда классикалық кинодан бастап қазіргі заманғы кинога дейін қамтылады. Автор кино мен телевизияның қарым-қатынасына, «асқақ» және «аласа» жанрларга, кинодағы бүгінгі стильдерге және оның театр, әдебиет, кескіндеме және музыка тәсілдерінен өзіндік айырмашылығына аударады. Театр және кинематография маманданатың студенттерге, кино өнеріне қызығатын оқырмандарга арналған.

Мазмұны-18Скачать

Титульный-19Скачать

Ф 50
Филд Сид
Киносценарий. Сценарий жазу негіздері. Алматы: «Ұлттык аударма бюросы» қоғамдык қоры, 2020. 248 бет.
ISBN 978-601-7943-85-1

«Киносценарий. Сценарий жазу негіздері» – концептіден дайын сценарийге дейінгі сатылы нұсқаулық. Бұл – маманданған әрі сценарий жазуды жаңа бастап жүрген сценаристерге арналған кәсіби оқулық. Автор шығарманы сценарийге бейімдеу тәсілінен бастап идеяны дамытып, кейіпкер калыптастырып, кезең-кезеңімен жазу жолын көрсетеді. Сонымен қатар дайын сценарийді сату жолдарын тәптіштеп түсіндіреді. Сид Филд сценарий жазу үйренуге болатын шығармашылық процесс екенін ескерте отырып, оны кез келген сала маманы меңгере алатынына сенім білдіреді. Кітап жоғары оқу орындарында шығармашылық бағытта білім алатын студенттерге және киносценарий жазуды үйренгісі келетін көпшілік оқырманға арналған.

Мазмұны-19Скачать

Титульный-20Скачать

П 17
Паркин М.   

Микроэкономика. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры. 2020.
ISBN 978-601-7943-87-5

Микроэкономика – экономика теориясының тұлғалар мен кәсіпорындар нені таңдайтынын, ол таңдау нарықта қандай жолдармен байланысатынын және мемлекеттің оған қалай ықпал ететінін зерттейтін саласы. Майкл Паркиннің «Микроэкономика» оқулығы – осы сала бойынша жазылған үздік еңбектердің бірі. Кітапта жеке адамның табысы, оның қалауы мен тандауы сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне қалай ықпал ететіні, фирманың өнім шығарудағы мүмкіндіктерінің шегі, мемлекеттің экономикалық саясаты қоғамға қандай пайда келтіріп, қандай зиян шектіретіні мысалдарға сүйене отырып түсіндіріледі. Еңбекте экономикалық қатынастарды құрайтын процестердің алдымен жеке адам, содан кейін тұтас нарық деңгейіндегі әрекеті, одан келетін пай да мен задал талданады.

Қазақ тіліне он үшінші басылымы аударылып отырған оқулық экономика мамандықтарында білім алып жатқан болашақ экономист, менеджер, маркетологтарға, сондай-ақ экономикалық қатынастар қалай қалыптасатынын

Алғы-сөз-10Скачать

Мазмұны-20Скачать

Титульный-21Скачать

Х45
Хили Д.Ф.

Статистика негіздері: әлеуметтік зерттеу құралы. – Алматы: «Ұлттык аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020 – 576 бет.
ISBN 978-601-7621-01-8

Джозеф Ф. Хилидің «Статистика негіздері: әлеуметтік зерттеу кұралы» еңбегі алғаш рет
1984 жылы жарық көрген. Қолыңыздағы оқулық ағылшын тіліндегі төртінші басылым негізінде дайындалды. Оқулық төрт бөлімнен тұрады. Әр бөлім бірнеше тарауға бөлінген. Атап айтқанда, дескриптив статистика, орталық тенденция өлшемдері, дисперсия өлшемдері, қалыпты қисық, инференциал статистика, гипотезаны сынау түрлері, ассоциацияның бивариатив өлшемдері, мультивариатив техникалар тәрізді статистиканың ауқымды бөлімдері теориялық тұрғыда жан-жақты зерделенеді.
Сонымен қатар окулықта статистика ғылымдарда алатын орны мен мүмкіндіктері туралы толық мағлұмат.

Алғы-сөз-11Скачать

Мазмұны-21Скачать

Титульный-22Скачать

К83
Кром Михаил Маркови

Тарихи антропология. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020 жыл. – 204 бет.
ISBN 978-601-7943-84-4

Оқу құралы оқырмандарды заманауи тарихи зерттеулердегі аса ықпалды бағыттардың бірімен таныстырады. Мұнда антропологиялық бағыттағы тарихтың бастапқы (менталдылық тарихы) түрлерінен бастап, кейінгі түрлеріне (микротарихтар, күнделікті өмір тарихы, жаңа мәдени тарих) дейін қамтылған. Тарихи-антропологиялық
бағыттағы жұмыстардың жалпы сипатымен қатар, жекелеген ұлттык мектептердің
(Франция, Италия, Германия, АҚШ, Ұлыбритания) өзіндік ерекшеліктеріне мән беріледі.
Тарихшылар мен антропологтардың пәнаралық пікір алмасу мүмкіндіктеріне ерекше
назар аударылады.
Оқу құралы тарихқа маманданатын студенттер мен магистранттарға, сондай-ақ әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарды оқып-үйренуші жалпы қауымға арналған.

Алғы-сөз-12Скачать

Мазмұны-22Скачать

Титульный-23Скачать

Р 41
Репина Л.П., Зверева В.В., Парамонова М.Ю.

Тарихи білім тарихы. Академиялық бакалавриатқа арналған оқулық, 4-басылым. – Алматы: «Ұлттык аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 236 бет.
ISBN 978-601-7943-79-0

Кітапта архаикалық дәуірден біздің заманымызға дейінгі тарихи сананың қалыптасуы мен тарихи ойдың эволюциясы, тарихи білімнің кәсібилену процесі, оның ғылым пәні ретінде орнығуы кешенді түрде қарастырылып, тарихнама бойынша негізгі мектептер мен бағыттардың сипаттамасы беріледі әрі тарихты зерттеудің мәселелері, әдіснамасы, пәні мен міндеттерін түсінудегі өзгерістер жан-жақты зерделенеді. Бұған қоса еңбекте өткенді қабылдаудың түрлі формалары, тәсілдері мен деңгейлері, әртүрлі дәуірлердегі тарихи ой өкілдерінің концепциялары, орыс және шетел тарихшыларының әйгілі туындылары, тарихи білімнің табиғаты, шынайылық критерийлері, ғылыми және қоғамдык мәртебесі туралы заманауи пікірталастар талданады. Оқулық жоғары оку орындарындағы тарих факультетінің студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, оқытушыларға және тарихқа қызығатын жалпы оқырман қауымға арналған.

Алғы-сөз-13Скачать

Мазмұны-23Скачать

Титульный-24Скачать

Л 82
Лурье С. В.
Тарихи этнология. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020 жыл. – 500 бет.
ISBN 978-601-7621-08-7

Бұл оқулықта психологиялық антропология, этнопсихология, мәдениеттану, этнос эко- логиясы, дәстүртану тарихы баяндалады. Әлемнің этностық картинасы, оның құрылымы мен өзгеру механизмдері және функционалдық этносішілік конфликт, этностың өзін-өзі құрылымдауы теориялары орыс, армян, ағылшын, фин, түрік халықтарының тұрмысынан алынған тарихи очерктермен жан-жақты дәйектеліп беріледі. Сондай-ақ оқулықтагы әдіснамалық түсініктемелер тарихи және әлеуметтік материалдарды талдау үшін этнологиялық концепцияларды қолдану тәсілдерің көрсетеді. Оқулық сала мамандарына, студенттерге және осы тақырыпқа қызығушылық танытқан барша оқырман қауымға арналған.

Алғы-сөз-14Скачать

Мазмұны-24Скачать

Титульный-25Скачать

Б 22
Балм Кристофер
Театртану. Кіріспе. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 224 бет.
ISBN 978-601-7943-86-8

Жаңа Зеландияда дүниеге келіп, Мюнхенде (Германия) ғалым ретінде қалыптасқан театр- танушы Кристофер Балмның «Театртану» еңбегі осы саланы академиялық университеттік пән ретінде оқытуға арналған. Автор әдіснама, зерттеу әдістері мен тәсілдері мәселелеріне назар аударады. Кітаптың кіріспесі және 3 бөлімі, 12 тарауы бар. Жалпы арнайы пән пайда болғанға дейін театртанудың негізгі бөлігін Еуропа драмасының «алтын ғасырын» және классикалық Грекия, Шекспир, Мольер немесе Веймар классицизмі драматургиясын зерттеумен айналысқан әдебиет зерттеушілері қарастырды. Кейінгі жылдары бұл салаға бел шеше кіріскен зерттеуші- лер «Театртануды» жеке гуманитарлық пәнге айналдыра білді. Кітап театр тәжірибелерін түрлі мәдени және тарихи астар арқылы түсіндіруге арналады. Театрдың аса күрделі табиғаты мен осы түрлі көзқарас бойынша зерттеу мүмкіндігін көрсету де басты бағдар ретінде алынған. Кітап өнертану бағытында білім алып жатқан студенттерге, магистранттарға және осы са- ланы зерттеушілерге арналған.

Алғы-сөз-15Скачать

Мазмұны-25Скачать

Титульный-26Скачать

Б37
Бейлис Дж., Смит С., Оуэнс П.
Әлемдік саясаттың жаһандануы: Халықаралық қатынастарға кіріспе. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры- 652 бет.
ISBN 978-601-7943-93-6

Джон Бейлис, Патриция Оуэнс және Стив Смиттің жетекшілігімен жинақталған бұл еңбекте халықаралық қатынастардың даму тарихына, негізгі теорияларына және жаһандық мәселелерге кеңінен шолу жасалады. «Әлемдік саясаттың жаһандануы: Халықаралық қатынастарға кіріспе» атты кітапта халықаралық қатынастар,
жаһандану және әлемдік саясат ұғымдарына анықтама беріліп, халықаралық қатынастар жүйесіндегі акторлар мен қазіргі халықаралық тәртіптегі өзгерістер толық қамтылған. Сондай-ақ бұл еңбек халықаралық қатынастар саласындағы классикалық теориялармен қатар, жаңа теориялардың да талдануымен құнды. Кез келген тақырып теориялық тұрғыдан зерделеніп қана қоймай, тарихи мысалдармен, қазіргі кездегі әлемдік саясаттағы оқиғалармен толықтырылған. Авторлар қандай да бір мәселе бойынша пікір қалыптастырмау үшін сыни немесе балама көзқа- растарды катар ұсынған. Бұл кітаптың халықаралық қатынастар мамандығы студенттеріне, осы салаға қызығатын барша оқырманға пайдалы болары анық.

Алғы-сөз-16Скачать

Мазмұны-26Скачать

Титульный-лист-1Скачать

П 17   
Паркин М.
Макроэкономика. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдык қоры, 2020. – 464 бет.
ISBN 978-601-7943-94-3

Бұл кітап – макроэкономика саласындағы ең танымал мамандардың бірі Майкл Паркин дайындаған оку кұралы. Автор жалпы ішкі өнім, экономикалық өсу, бизнес-цикл, инфляция, баға деңгейі, жұмыспен қамту, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс, мемлекеттік бюджет профициті мен дефициті сияқты мәселелерді зерделейді, әрі жаһандық экономикадағы алпауыт елдерді салыстырады. Ел экономикасының бағытын анықтау мен проблемаларын шешуде үкімет пен ұлттық банктердің негізгі рөлі айқындалып, ақша-несие саясаты және фискалдық саясаттың құрылымы сипатталады. Импорт пен экспорт, халықаралық сауданың экономикаға тигізер әсері мен салдарына тоқталады. Қазақ тіліне бұл оқулықтың 13-басылымы аударылған. Кітап экономика, қаржы, маркетинг мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттерге, оқытушыларға, осы тақырыпқа қызығушылық таныткан көпшілік оқырманға арналған.

Алғы-сөз-17Скачать

Титульный-лист-2Скачать

Мазмұны-27Скачать

У62

Уолф Джонатан Саясат философиясына кіріспе. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы. – 2020. – 232 бет.
ISBN 978-601-7943-80-6

Алғаш рет қазақ тіліне аударылып отырған Джонатан Уолфтың «Саясат философиясына кірісіпе» деп аталатын кітабында адамзатты бұрыннан толғандырып келе жатқан жэне қазіргі кезде әлі де өзектілігін жоғалтпаған табиғи күй, мемлекет, демократия, еркіндік, меншік сияқты саяси ғылымдардың зерттеу аясын айқындайтын үғымдарға қатысты сұрақтар қарасгырылады. Кітапта осы сұрақтарға жауап іздеген Платон және Аристотель сияқты ежелгі грек философтары мен Гоббс, Локк, Руссо, Бентам, Юм, Милль, Ролз және Нозик сияқты қазіргі заман ойшылдарының көзқарастары мен тұжырымдары талданады.
Сонымен қатар қазіргі котам мен мемлекет алдында туындаған әйел құқықтары, нәсілдік ерекшелік, позитив дискриминация және келер үрпақтың құқықтары сиякты өзекті мэселелер де жан-жакты қарастырылған.

Мазмұны-28Скачать

Титульный-лист-3Скачать

Х 44
Хиллиард Л.Р.
Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу. – Алматы: «Ұлттык аударма бюросы» қоғамдык қоры,2020. – 528 бет.
ISBN 978-601-7621-02-5

«Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу» – сценарий жазу шеберлігімен таныстыратын пайдалы еңбек.
Оқулықтың осы басылымында телевизия мен радиодан бөлек жаңа медиа да қамтылған. Кітап қарапайым тілмен жазылған. Оқырман камераның ракурсы, пландардың қойылуы, композициялық шешім, кейіпкер, монтаж, дыбысты ойнату сынды тек практикада ұшырасатын дүниелердің алғышарттарымен танысады, телевизия мен радиоға жазылған сценарийдің айырмашылығын, онлайн медиа мен әлеуметтік медиаға мәтін жазудың тәртібін түсінеді. Кітаптың басты құндылығы медиамаман болуға талаптанған студентті сценарий жазудың негізгі принциптеріне, әдіс-тәсілдеріне баулиды. Еңбек жалпы медиа саласына қызығатын қалың оқырман үшін де пайдалы кұрал бола алады.

Мазмұны-29Скачать

Титульный-27Скачать

Б 82
Борев Ю.Б.
Эстетика. Оқулық. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 408 бет.
ISBN 978-601-7943-83-7

Белгілі ғалым, жазушы, ұзақ жылдар Ресей ғылым академиясы Әлем әдебиеті институ-
ты теория бөлімінің меңгерушісі, халықаралық эстетика қауымдастығының мүшесі болған Юрий Боревтің кітабында заманауи эстетиканың негізгі мәселелері жан-жақты баяндалады.
Автор өнер дамуының табиғаты, болмысы, тууы және теориялық тарихы проблемаларын
түсіндіре отырып, тыңнан зерделеуге жол ашады. Әсемдік, асқақтық, трагедиялық, комедиялық категориялары жаңа көзқарас тұрғысынан пайымдалады. Теориялық ережелер әлемдік өнер тарихының құнды материалдарымен берілген.

Мазмұны-30Скачать

Титульный-28Скачать

M 15
Маккиннон Б., Фиала Э.
Этика: Теориясы мен қазіргі мәселелсрі. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 868 бет.
ISBN 978-601-7943-95-0

Оқулықта дін, утилитаризм, деонтология, табиғи құқық, қайырымдылық және феминистік этика, сонымен катар қазіргі кезде жиі талқыға түсіп, қызу пікірталастарға негіз болған эвтаназия, мораль, әділ экономика, жануарлар, соғыс пен зорлық-зомбылық және жаһандану этикасы кең талқыланады. Саланың теориясы мен практикасы ұштастырылып, тарихи және заманауи еңбектер мен дәстүрлі және қазіргі дереккөздерге негізделіп жасалған философиялық тұжырымдар кітапты қызыкты ете түседі әрі оқырманның этикалык теориялар мен қазіргі моральдык пікірталастардың негізгі аспектілерін зерделеп, өз бетінше зерттеу жүргізуіне мүмкіндік береді. Алуан түрлі пікір мен философиялық мәселелер талқыланатын кітапқа әлемге әйгілі философтар
тұжырымы негіз етіп алынған.
Оқулық этика саласы бойынша курс оқып жүрген студенттерге, сондай-ақ қазіргі кезеңдегі жаһандық мәселелердің этикалық негізін танып білуге қызыққан оқырман қауымға арналады.

Мазмұны-31Скачать

Титульный-29Скачать

Leave a comment

Your email address will not be published.