«Jas Otan» ЖҚ

ЖОЛТАЙ АЙБОЛҒАН ОРАЗБАЙҚЫЗЫ

«JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ

Мекен-жайы: Қарағанды қаласы «Bolashaq» Академиясы  бас ғимаратында каб. 206

Байланыс телефоны: +77783528820

Эл.почта: aibolganorazbaevna@mail.ru

«Jas Otan»  Жастар қанатының тарихы «Nur Otan» партиясының қызметімен тығыз байланысты.

2019 жылдың 7 желтоқсанында «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Ержан Хамитовтың шақыртуымен алғашқы отырыс өткізілді. Жиналысқа әр ЖОО-ның жетекшілері мен белсенді «Jas Otan» мүшелері  қатысты. Жиын барысында жалпы жастардың басын қосып, алға қадам басулары үшін жасалынатын амалдар мен шараларға жоспар құрылған болатын.

«Jas Otan» Жастар қанатының қызметінің мәні:

  1. Жастар арасында мемлекет басшысы және «Nur Otan» партиясының саясатын қолдаушылар қатарын арттыру;
  2. Жастарды демократиялық, әлеуметтік әділ қоғам құру процестеріне тарту;
  3. «Nur Otan» партиясы мен «Jas Otan» Жастар қанатының бағдарламалық құжаттарына белгіленген міндеттерді халыққа насихаттау және түсіндіру, «Jas Otan» Жастар қанатының мақсаттары мен міндеттеріне қолдау көрсетуші жастарды өзінің қатарына қосу;
  4. Жастардың бойында Қазақстандық партриотизм сезімін және жауапты азаматтық ұстанымын, Республиканың мемлекеттік рәміздеріне , Қазақстан халқының мәдени мұрасына, тіліне және дәстүріне құрметпен қарауды қалыптастыру;
  5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға жәрдемдесу.

Сіз біз арқылы:

  1. Жаңа және сенімді дос таба аласыз;
  2. Мәдени және кәсіби деңгейіңізді көтере аласыз;
  3. Сөйлеу, ортада өзіңізді ұстау мәдениетін үйрене аласыз;
  4. Елімізде патриотизмді дамытуға үлесіңізді қоса аласыз:
  5. Студенттік өміріңізді қызықты да, ерекше өткізе аласыз;
  6. Өмірлік  және болашақ жұмысыңызға практика жинай аласыз;
  7. Оқу орныңыздың атын шағаруға үлесіңізді қоса аласыз.

«Jas Otan» Жастар қанатының мақсаты:

  1. «Jas Otan» Жастар қанатының мақсаты- ҚР жастарының жан-жақты дамуы мен олардың зияткерлік және нақты әлеуетін, әлеуметтік мәртебесі мен экономикалық жағдайын ,мәдениетін аттыру үшін саяси және басқа да жағдайлар жасау;
  2. Қалыптасқан мемлекеттің берік іргетасын орната отырып, алдағы кеде де халқымыздың бірлігі мен келісімін нығайту;
  3. Біздің өзекті мақсатымыз – орнықты экономика мен қоғамдық-саяси тұрақтылықтың арқауы болып табылатын қуатты орта тапты қалыптасытыру.

«Jas Otan» Жастар қанатының міндеттері:

  1. Жастар ұйымдарымен және басқа елдердің азаматтық қоғам институттармен ынтымақтастық орнатып, тиісті келісімдер жасау:
  2. ҚР парламенті депутаттығына, жергілікті жене өзін – өзі басқару органдарына кандидаттарды ұсыну;
  3. Республикада қоғамдық саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қолдауға және нығайтуға бағытталған іс-шараларды өткізу және оларға қатысу;
  4. Қызметі «Nur Otan» партиясы мен «Jas Otan» Жастар қанатының бағдарламалық құжаттарын, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететін барлық жастар  ұйымдарымен ынтымақтастық жасау;
  5. Жастар бағдарламасын, жастар саясаты саласындағы әлеуметтік маңызды жобаларды әзірлеуге, қабылдауға, бекітуге және іске асуға белмене қатысу;
  6. Еліміздегі жастардың мәдени-бұқаралық, спорт, қайырымдылық және жастар қозғалыстарын дамытуға бағытталған басқа да іс-шараларды ұйымдастыру;
  7. «Nur Otan» партиясы мен «Jas Otan» Жастар қанаты қызметінің түрлі бағыттары бойынша үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға қатысу.

«Таза сессия» акциясы аясында өңіріміздің барлық дерлік жоғары және арнаулы оқу орындарында, студенттер үйлерінде «Сенім жәшіктері» орнатылған болатын. Осыған орай 2019 жылы 20 желтоқсанда «Bolashaq» Академиясында «сенім жәшігі» ашылды. Студенттердің арыз-шағымдары мен ұсыныстары толықтай қаралып тиісті шешімдер қабылданатын болады.  Бұл акция әлі де жалғасын жалғасын табатын болады және әр ай сайын «Сенім жәшіктері» ашылып отырады. Сондықтан, егер сіздің ұсынысыңыз болса немесе қандай да бір жайтқа көңіліңіз толмаса , өз оқу орныңызда орналасқан «Сенім жәшігіне» салсаңыз болады.

Төртінші ақпан күні Ержан Болатұлының төрағалығымен «Jas Otan» Жастар қанатының кезекті жиналысы өтті. Жиналысқа әр ЖОО-ның жетекшілері мен белсенді Жас Отандықтар қатысты. Жиын барысында өткен жыл бойынша атқарылған шаралар туралы ақпарат беріліп, алдағы жылдағы жоспарлар талқыланды. Сонымен қатар, белсенді мүшелерге «Jas Otan» Жастан қанатының төрағасы Дәулет Кәрібектің арнайы алғыс хаттары табысталды. «Bolashaq» академиясынан «Jas Otan» жастар қанатының төрайымы Жолтай Айболған мен «Bolashaq»  Cтуденттік Республикасының Президенті Мағрұпжан Бексұлтан шақырту алып, Даулет Кәрібектің алғыс хаттарымен марапатталды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.