Пікір-алғыс

     Құрметті «Bolashaq» академиясының ректоры Құралбай Несіпбекұлы Меңлібаев және «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының ұстаздары, соның ішінде біздің топтың кураторы   Сарбасова Қалимаш Амангелдіқызы!     

Сіздерге зПМНО-18-2с тобының сыртай бөлімінің студенттері Омарова А.С., Омарова Г.С.  атынан алғыс айтамыз. Біз екі жыл бойы осы академияның қабырғасында оқыдық. Оқытушыларымыздың сабақтары үлкен ізденіспен қазіргі заманға сай технологияларды пайдалану арқылы біз сияқты жас мамандардың журектеріне әсер ететіндей өткізе білді. Екі жыл бойы куратормен тығыз байланыста болдық. Барлық ақпараттармен уақытылы беріліп отырды. Соңғы уақытта елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты қашықтықтан окып, тапсырмалар ғаламтор желісінің көмегімен онлайн түрінде тапсырдық. Қалимаш Амангелдіқызы үнемі байланыста болып тапсырмаларды, айтылған ақпаратты уақытылы беріп, оны керек уақытта орындай білдік. Берілген тапсырмаларды уақытылы тапсырып, дипломдарымызға қол жеткізгелі отырмыз.

Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді бағалай отырып, Сіздерге өскелең шәкірт тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.

Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер.     Шығармашылық ізденістер ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін!!!

 

Ізгі ниетпен: Омарова Айнур Сергазиевна,  Омарова Гүлім Сергазиевна,   Жаңа-арқа ауданы