Пікір-алғыс

       Құрметті «Bolashaq» академиясының ректоры Менлибаев Куралбай Несипбекович, «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының ұжымы және  зПМНО-18-2с,3c,4с группасының кураторы Сарбасова Қалимаш Амангельдиновна!

Біз 2018 жылы тамыз айында 6В01301 – «Бастауышта оқыту  педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқуға сырттай бөліміне түскен болатынбыз. Енді міне, диплом алатын кезең де жетті. Сіздердің әрбір істеріңіз болашаққа, өскелең ұрпаққа апаратын жол. Сіздерге келешекте зор денсаулық, аспандарыңыз ашық, отбасыларыңыздың амандығын тілейміз.

Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудеге өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз.

Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеумен өсуге бастасын.

Сіздерге Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Бименде Амалбеков атындағы  ЖОББ мектебінің бастауыш сынып ұстаздарының атынан алғыс айтамыз!

Биылғы 2018-2020 жылғы түлектер – Бименде Амалбеков атындағы ЖОББ мектебінің ұстаздары: Шожина Бақтыгүль Қайыровна, Ахметова Гакку Кульмаганбетовна, Алина Маржан Аяновна, Омарова Айнұр Серғазиевна.

2 маусым 2020 жыл

 

Мы вам перезвоним