Алғыс

Құрметті «Bolashaq» академиясының ректоры Құралбай Несіпбекұлы Меңлібаев және «Мектепке дейінгі  оқыту және тәрбиелеу» кафедрасының оқытушылары, менің кураторым Жанысбаева Роза Мазраповна! Сіздерге өз атымнан үлкен алғыс айтқым келеді.

Роза Мазраповна сізді өзімнің ұстазым деп құрметтеймін. Студенттерініздің  мейірімі мен құрметіне бөленіп, қандай жағдай болса да, көмегін көрсетіп жүреді.

Мен «Bolashaq» Академиясына 2017 жылы оқуға түстім, бүгінде бітуші түлекпін. Академияда білім алған төрт жылымыздын қызығымен шыжығы көп болды.  «Bolashaq» академиясына түсе отырып, мен дұрыс таңдау жасағаныма өкінбеймін! Ең алдымен, өз саласының білікті де білімді мамандарынан тұратын оқытушыларға алғысым шексіз.

Сіздердей ұстаздардан дәріс алғаныма  қуаныштымын және де мақтан тұтамын. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Сіздерге шығармашылық табыс, ғылыми атақтарыңыз молынан болсын дегім келеді.

 

Мақсұт Нұрсұлу Айдосқызы

ДОВ 17-2 тобы

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.