ПІКІР

Мен, Жолжақсы Бүлдірген “Bolashaq”  академиясы ПМНО-19-2к тобының бірінші курс студентімін. №1 Ы.Алтынсарин атындағы республикалық олимпиадасының жеңімпаздарының бірімін. Әрине республикалық олимпиада болған соң көп еңбекті талап етті. Соған қарамастан біз көптеген қатысушылардың арасынан оқ бойы озып шықтық. Әрине бұл жеңіс бірінші Алланың қалауымен, екінші бізге қаржылай көмек берген “Bolashaq”  Академиясының, сонымен қатар, бізді осы Олимпиадаға дайындаған ғылыми жетекшіміз профессор Акпарова Жанна Муслимовнаның еңбегі зор және сол кісінің арқасында деп білемін. Себебі, бар білген білімін аямай үйреткенінің арқасында біз осы биікке жеттік деп ойлаймын.

Мен осы  “Bolashaq”  Академиясында оқитыныма өте қатты қуанамын. Өз студенттері үшін барлық жағдайды жасап, қолдарынан келген көмекті аямайды. Осындай қолдау арқасында тек студенттерге көмек беріліп қоймай көптеген мүмкіндіктер ашып беріп отыр. Айтар алғысымыз шексіз….

Бұл Олимпиада мен үшін көп нәрсені үйреніп, жақсы ой түйіуіме көп септігін тигізді. Дайындық барысында өзім үшін болашақта керекті біраз білім жинадым десемде болады. Республикалық Олимпиада көп еңбек пен білімді талап етті. Соған сай дайындық та болды.

Міне, нағыз шынайы білім ордасы “Bolashaq” Академиясы деп мақтанышпен айтар едім. Берер білім бір әңгіме, студенттері үшін жасайтын жағдайлары өте керемет көңілімнен шығады.

Қайда жүрсем де “Bolashaq” Академиясын мақтан тұтып жүремін!!