Пікір

 

«Bolashaq» академиясына таңдауым түскеніне өте қуаныштымын! «Bolashaq» академиясына түсуді мақсатты түрде таңдадым және еш өкінбеймін.  «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»бағдарламасы бойынша оқыған академия қабырғасында өткізген әр күнім таңғажайыпқа толы болды.  Айналамдағы оқытушылар және студенттер өте қамқор жандар, ұстаздарымыз әрқашан көмекке келуге дайын  және кез келген студентке жаңа нәрсені үйрете алады.

Академияны аяқтау арқылы өз ісінің жоғары білікті маман болу мүмкіндігі бар. Біздің академия-жоғары білім алу ғана емес, өз ісінің сарапшысы болуына да тамаша мүмкіндік! Ал ең үлкен артықшылығы оқытушылар құрамы. Сонымен қатар, көптеген студенттер университет жұмысына тартылған. Олар халықаралық студенттермен жұмыс істейді және ғылыми, мәдени, спорттық және ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастырушылар болып табылады. Санаулы уақыттан соң мен «Bolashaq» академиясының түлегі атанбақшымын, академиямыз бен кафедрамызға баға жетпес тәжірибе үшін, маман болуымызға дарытқан ілім-білімдері үшін  мың алғыс! Жарқын болашақты көздесеңіздер «Bolashaq» академиясының есігі барлығымызға ашық!

«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» бойынша  студенті Аширбекова Ж.А.

 

 

 

 

 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.