Алғыс

Құрметті Құралбай Несіпбекұлы!

Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен ҚР Тілдер күніне орайластырып «Bolashaq» академиясы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген «А.Байтұрсынұлының қайраткерлік мұраты жəне Тәуелсіздік құндылықтары» атты республикалық ғылыми-практикалық онлайн-семинар халқымыздың рухани мұраларын насихаттау, жастарды ұлттық дәстүрде тәрбиелеу, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру бағытындағы атқарылған шаралардың бірі болды деп санаймыз.

Алаш қайраткерлерінің негізгі идеясы демократиялы қоғам қалыптастырып, еркіндік пен дамудың алғышарты ретінде қазақ мемлекетін құру болатын. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті – сол идеяның жемісі.
Семинарда Ахаңның шығармаларының халық санасын оятуына, ұлт мәдениетінің дамуына қосар үлесінің өлшеусіз екендігіне тоқталып, ғалымның еңбектері мен пікірлері сараланды. Қарағанды «Bolashaq» академиясы биылғы оқу жылында алғашқылардың бірі болып онлайн-семинар өткізіп отыр.

Жоғары оқу орны біліктілігі бен іскерлігін орайлы ұштастыра отырған «Bolashaq» академиясының қазақ елінің болашағына маман дайындаудағы жұмыстары өне берсін, табыс еңбек тілейміз!

 

Құрметпен, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Е.Е.Тілешов. (Нұр-Сұлтан қаласы)

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.