Пікір

Қарағанды қаласында орналасқан “Болашақ” Академиясы”ЖМ еліміздегі айтулы,заманауи талаптарға сай, алда келе жатқан білім ошағының бірі. ҚР Білім және Ғылым министрлігі және ҚР Мемлекеттік стандарттарына сай білім береді. Бұл академиядағы “Құқықтану” мамандығы бойынша осы факультеттің биылғы, яғни 2020 ж.түлегімін. Оқытушы мен білім алушылар арасында үлкен байланыс бар. Қызметкерлер өте сыпайы, мәдениетті. Кез-келген сұраққа уақытылы жауап бере отырып, әркез кеңес беріп, қолдау көрсетеді. Біздің облысымызда осындай ЖОО болғанына өзім қуаныштымын. “Болашақ” Академиясы” ЖМ ректорына және ұжымына өз алғысымды білдіре отырып, қиын да, қызықты істеріңізге сәттілік тілеймін. Әлі де биік белестерді бағындырып, мықты, білімді, білікті мамандарды тәрбиелей беріңіздер!!!

Такауиева Замзагуль Сагатовна