МОБИЛЬНОСТЬ В ТУРЦИИ

Студенты 4 курса Академии “Болашак” Серикова Асыл и Тәшкенбаева Алма в рамках академической мобильности проходят обучение в Турции, в университете Эрзурума. Представляем вашему вниманию их отзыв об этом.

Біз, “Болашақ” академиясының қазақ тілі мен әдебиеті және құқық мамандықтарының 4-курс студенттері, Серикова Асыл және Тәшкенбаева Алма, Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлының басшылығымен жұмыс жасап жатқан “Болашақ” академиясына және барлық профессорлар мен оқытушылар құрамына алғысымызды білдіргіміз келеді. Сіздердің арқаларыңызда біз Түркия Республикасы, Эрзурум қаласындағы дүниежүзіндегі іргелі оқу орындарының бірі Ататүрік университетінде академиялық ұтқырлық бойынша білім алуға мүмкіндік алдық.

Бұл жақта бізді түрік бауырларымыз жылы шырай танытып қарсы алып, қонақжайлылықтарын көрсетті. Мевлана бағдарламасының координаторлары Серкан Чакмак, Зюльхие Гездер, Нихат Алп сынды оқытушылар бізге көмектерін көрсетіп, түрік достарымыз қаланың көрікті жерлерін аралатып, уақытымызды қызықты өткізуге ықпал етуде. Шәкіртақыларымызды уақытылы алып тұрамыз. Қазіргі уақытта білімді әлі тәжірибелі оқытушылардан дәріс алып, білім процессіне қызу кірісіп кеттік.

Құралбай Несіпбекұлы бастаған ПОҚ құрамына тағы да шексіз алғысымызды айтамыз.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.