МОБИЛЬНОСТЬ В КОКШЕТАУ

Студенты-третьекурсники групп ПиП-15-2, Ин-15-2 в рамках академической мобильности 1 семестр в данный момент обучаются в городе Кокшетау, в университете им. Абая Мырзахметова. Ребята поделились своими впечатлениями.

Біз Болашақ академиясының Пип 15-2, Ин -15-2 тобының 3курс  студенттері 2017-2018  оқу жылының 1 қыркүйек пен 30 желтоқсан аралығында  Көкшетау қаласындағы Абай Мырзахметов атындағы университетіне академиялық ұтқырлық бойынша 1 семестрге оқуға келдік. Осы жаққа келген алғашқы сәттерден-ақ,  бізді университет академиялық  ұтқырлық координаторы бізді жақсы қарсы алды. Біздің  жатаханаға орналасуымызға да  жәрдемдесіп,  оқудың  шарттары мен   ережелерімен  де  таныстырды. Жатаханада студенттердің білім алуы мен демалуына барлық жағдай жасалған.

Жатаханамыз жақсы,  бөлмеміз  таза, кең.  Тәртіп қатал. Бізге жатаханамыз сондай ұнайды.  Оқу жағына келетін болсақ: Бізді тобымыз бен кураторымыз да құшақ жая  қарсы алды. Топқа бірден сіңісіп кеттік деп ойлаймыз. Өзіміздің 3 курс бағдарламасына сәйкес оқып жатырмыз. Барлық тиісті лекциялар мен семинар сабақ түрлері  де өткізіліп тұрады. Ұстаздарымыз да сондай білікті, өз ісінің жоғары  білімді маманы.  Көкшетау университетіне келіп, білім алып жатқанымызға қуаныштымыз. Бұл жақтан да жаңа достар таптық. “Болашақ” академиямыздағы кураторымыз бен академиялық ұтқырлыққа жауапты координаторымызда әрдайым хәлімізді біліп отырады.

Академиялық ұтқырлық  бойынша  білімімізді жетілдіруге мүмкіндік берген “Болашақ” академиясының ректорына алғысымыз шексіз.

Сіздердің үміттеріңізді ақтауға тырысамыз. Сіздерді сағынышпен еске аламыз!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.