Студенты Академии “Болашак” Саққұлақова Самал специальности “Қазақ тілі мен әдебиеті” (группа К-15-1, 3 курс) и Жүкен Інкәр специальности “Юриспруденция” (группа Ю-16-2, 2 курс) в рамках академической мобильности проходят обучение в Евразийском гуманитарном институте.
Ребята поделились своими впечатлениями от учебы.
“Біз “Болашақ” академиясының “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығының К-15-1 3курс студенті Саққұлақова Самал және 5В030100-“Құқықтану” мамандығының Ю-16-2 тобының 2 курс студенті Жүкен Інкәр 2017-2018 оқу жылының 2 семестрінде Астана қаласындағы Еуразия гуманитарлық институтында академиялық ұтқырлық бойынша 1 семестрге оқуға келдік.
Институт оқытушылары, жаңа тобымыздың студенттері және институттың басқа қызметкерлері бізге жылы шырай танытып жақсы қарсы алды, осы институтқа тез сінісіп кетуімізге көмектесті. “Академиялық ұтқырлық” бағдарламасының арқасында мен көптеген адамдармен таныстым, жаңадан достар таптым.
Осы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен өзіміздің қатарластарымыз, “Болашақ” академиясының студенттері Қазақстанның түкпір-түкпірінде оқып жатыр. Осылай бізге үміт артып, білімімізді әрі қарай шыңдауға мүмкіндік бергені үшін академиямыздың ректоры Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлына, оқу бөлімінің мамандарына, кафедрамыздың барлық оқытушыларына алғысымды білдіремін! Үміттеріңізді ақтап, жақсы жаңалықтармен өзіміздің қара шаңырағымызға ораламыз!”