Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Қарағанды облысы білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 29 қаңтарда мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттары, мектеп-гимназиялар, гимназиялар, мектеп-лицейлер мен лицейлердің 9-11 сынып оқушылары арасында VII «Абайтану» республикалық Олимпиадасының облыстық кезеңі «Bolashaq» академиясында өтті, 46 оқушы қатысты.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – Абай шығармашылығын оқу арқылы көркемсөздің танымдық, тағылымдық, эстетикалық қасиеттерін терең түсіну және оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Олимпиада оқушылардың Абай мұрасына деген ынтасы, қызығушылығын арттыруға, ұлттық дәстүр мен адамгершілік қағидаларын ұлы Хакімнің шығармалары арқылы танып-білуге үлкен үлес қосып келеді. Абайды оқу, өсиетін көңілге тоқу Жаңа Қазақстанның болашағына жол ашатын ұлағатты ұстанымдардың бірі. Маңызды шараның мәнін түсіне білген ата-аналар да, оқушылар да, ұстаздар ұжымы да дән риза.
Осы дәстүр үстіміздегі жылы да өзінің заңды жалғасын тапты. «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» шыққан 46 озық оқушылар өздерінің Абай шығармаларына қатыстьы білімін сарапқа салды. Қарағанды, Балхаш, Шахтинск, Приозерск қалаларцы мен Абай , Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет аудандарының мектептерінен үздік үлгеріммен танылған шәкірттер бақтарын сынады. Қатысушылардың қарым – қабілеттерін айқындау ісіне академиялық «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушы – профессорлар құрамы да ат салысты. Қатысқан оқушылардың білім деңгейіне, ой-пікірлеріне, салиқалы айтқан тұжырым-түйіндеріне ризи болды.
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды!.. – деп, Ыбырай Алтынсарин айтқандай, олимпиадаға қатысқан оқушылардың Абай мұрасын игерудегі жетістіктеріне ұстаздар қауымының көңілі толды. Орынды ұйымдастырылған олимпиада өзінің тамаша жетістігімен тәнті етті. Облыстық іріктеу кезеңінің 1 орын иегері атанған қатысушылар Олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.