«Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»  атты тақырыпта кураторлық сағат

9 желтоқсан күні «Қаржы» мамандығының 4 курс студенттері арасында (Ф-21-2 тобы) топ кураторы П.Н. Бузаубаеваның ұйымдастыруымен 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»  атты тақырыпта кураторлық сағат өткізіліп, студенттердің назарына аранайы бейне роликтер ұсынылды.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күннің шығу тарихы өте маңызды. Бұл күн 2003 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас Ассамблеясы 31 қазан күні № 58/4 қаулысын қабылдаған кезде белгіленді. БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы 2003 жылғы 9 желтоқсан күні Мексиканың Мерида қаласында қол қойылып, 2005 жылы күшіне енді. Сол себепті 9 желтоқсан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні ретінде аталып өтеді.

Бұл күн әлемнің әр түкпірінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске назар аударуға, осы мәселе бойынша хабардарлықты арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Жемқорлыққа қарсы күннің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бүкіл әлемнің азаматтарын біріктіру және осы қауіпті құбылысты жоюға күш салу.

Іс-шараның мақсаты: адалдық пен адалдық құндылықтарын нақтылау; сыбайлас жемқорлық мәселесіне қатысты өзінің пікірі мен ұстанымын, сыбайлас жемқорлықпен күресуге негізделген нақты азаматтық ұстанымын қалыптастыру; мемлекет алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.

Студенттерге ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының баптары түсіндіріліп, «адалдық», «адалдық құндылықтары» терминдерінің мағыналары ашылды. Студенттер қоғамдық мүдделер жеке мүдделерден жоғары болуы керек, әдептілік пен адалдықтың жоқтығы (әсіресе параға бейімділік), әділетсіз басымдылыққа жету үшін қызметтік жағдайын пайдалану сыбайластық тудырады деген түсінікке назар аударды.

Іс-шара қорытындысы бойынша біздің еліміздің әрбір азаматы: «Адалдық – ұлттың рухани өзегі, қоғамның өмір сүру нормасы» формуласының маңыздылығын терең түсінуі керек деген тұжырым жасалды. Адалдық – әр азаматтың ортақ міндеті.

Іс-шара жастардың патриоттық сезімі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруда маңызды тәрбиелік мәні болды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.