Волонтерлер марапатталды!

2025 жылдың 10 ақпанында «Bolashaq» Академиясында өткен маңызды шарада Қарағанды облысының Жастар Ресурстық орталығы ұйымдастырған «Offline Day» волонтерлік тренингіне академия студенттері қатысты. Бұл іс-шара волонтерлік қызметтің маңыздылығын түсіндіру, студенттердің қоғамдық белсенділігін арттыру және жастар арасында жауапкершілік пен мейірімділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Тренинг барысында Академияның белсенді студенттері Алғыс хатпен марапатталды. ӘТЖ проректоры Р.Н. Исмаилова салтанатты түрде Алғыс хаттарды табыстап, волонтерлік қызметтің қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, жастардың осы бағыттағы белсенділігі олардың тұлғалық дамуына да үлкен үлес қосады.

Алғыс хатпен марапатталған студенттер тізімі:

  1. Кадрин Тілеген – Ю-23-2
  2. Оразалиева Аяулым – ПМНО-23-2
  3. Жақсылықова Дана – К-23-2
  4. Серік Әсем – К-23-2
  5. Елеусіз Айнұр – Ю-24-2
  6. Сейтқазықызы Толғанай – Ю-24-2
  7. Блялова Аяулым – К-23-2
  8. Рахимова Альбина – ПМНО-24-1
  9. Ибрагимова Асыл – СПД-24-1
  10. Галиева Саида – Ю-24-1
  11. Сарсенбаева Зарина – ФМ-23-2
  12. Турғанбаева Алтын – Ю-23-2

Аталған шараның тағы бір ерекшелігі, Академияның белсенді студенттері тек аймақ көлемінде ғана емес, бүкіл республика бойынша танымал. Мысалы, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атынан Астана қаласында көшбасшы волонтерлер ретінде Кадрин Тілеген мен Серік Әсем Алғыс хатпен марапатталды.

«Bolashaq» Академиясының волонтерлері өздерінің белсенді қызметтерімен қоғамға үлес қосып, жастар арасында көшбасшылықты дамытуда үлкен рөл атқарып келеді. Академия осы бағыттағы жұмыстарын әрі қарай жалғастырып, студенттердің қоғамдық белсенділігін қолдай отырып, сәттілік пен жетістік тілейді.

Жастардың волонтерлік қызметі еліміздің дамуына, қоғамның бірлігін нығайтуға зор ықпал ететіні сөзсіз. Алдағы уақытта да Академияның волонтерлері көптеген маңызды іс-шараларға қатысып, өздерінің үлестерін қосатын болады.

Академия  волонтерлеріне сәттілік пен жетістіктер тілейміз!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.