ВОСКРЕСЕНЬЕ – 27 АПРЕЛЯ | Сегодня в каждой стране действует национальная программа иммунизации, а вакцины признаны одними из самых безопасных и эффективных мер профилактики многих заболеваний. В течение пяти десятилетий национальные программы плановой иммунизации развивались и расширялись и сегодня, согласно рекомендациям ВОЗ, обеспечивают вакцинацию детей, подростков и взрослых против как минимум 13 серьезных заболеваний. #вакциныработают #VaccinesWork #EIW2025 (EU, КСЕК, НЦОЗ и МЗ коллаборацию)
| Бүгінгі таңда әр елде ұлттық иммундау бағдарламасы жүріп жатыр және вакциналар көптеген аурулардың алдын алудың ең қауіпсіз және тиімді шараларының бірі болып саналады. Бес онжылдықта ұлттық жоспарлы иммундау бағдарламалары дамыды және кеңейді, ал бүгінгі күні ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес, балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге кем дегенде 13 ауыр ауруға қарсы вакцинациялауды қамтамасыз етеді. #вакциналарӘрекетЕтуде #VaccinesWork #EIW2025 |
ПОНЕДЕЛЬНИК – 28 АПРЕЛЯ | Корь можно предотвратить вакцинацией, но из-за низкого охвата заболеваемость растет. В 2024 году в Европейском регионе зарегистрировано 127 000 случаев, почти половина заболевших была госпитализирована, 38 человек умерли. Даже если привитый человек заразится (менее 5% случаев), вакцина защищает от тяжелых осложнений. #вакциныработают #VaccinesWork #EIW2025 (EU, КСЕК, НЦОЗ и МЗ коллаборацию) | Қызылшаның алдын алуға вакцинация көмектеседі, бірақ қамтудың төмендігіне байланысты аурудың таралуы өсіп келеді. 2024 жылы Еуропа өңірінде қызылшаның 127 000 жағдайы тіркелді, науқастардың жартысына жуығы ауруханаға жатқызылды, 38 адам қайтыс болды. Егілген адам ауруды жұқтырғанның өзінде (мұндай жағдайлар 5%-дан аз), вакцина оны ауыр асқынулардан қорғайды. #вакциналарӘрекетЕтуде #VaccinesWork #EIW2025 |
ВТОРНИК 29 АПРЕЛЯ | Коклюш – это инфекция дыхательных путей, вызывающая приступы спазматического кашля. Коклюш особенно опасен для младенцев и детей младшего возраста. Коклюш поддается профилактике с помощью АКДС-вакцины. #вакциныработают #VaccinesWork #EIW2025 (EU, КСЕК, НЦОЗ и МЗ коллаборацию) | Көкжөтел – бұл спазмодикалық жөтел шабуылдарын тудыратын тыныс жолдарының инфекциясы. Көкжөтел әсіресе нәрестелер мен жас балалар үшін қауіпті. АКДС-вакцинасының көмегімен көкжөтелдің алдын алуға болады. #вакциналарӘрекетЕтуде #VaccinesWork #EIW2025 |
Среда 30 АПРЕЛЯ | Вакцинация важна для лиц любого возраста. В национальных программах иммунизации учитывается то, как иммунная система реагирует на вакцины в разном возрасте и в какой период риск серьезной болезни максимален. #вакциныработают #VaccinesWork #EIW2025 (EU, КСЕК, НЦОЗ и МЗ коллаборацию) | Вакцинация барлық жастағы адамдар үшін маңызды. Ұлттық иммундау бағдарламалары вакциналардың әр түрлі жаста иммундық жүйеге қалай әсер ететінін және қай кезеңде ауыр сырқаттану қаупі жоғары екенін ескереді. #вакциналарӘрекетЕтуде #VaccinesWork #EIW2025 |
ЧЕТВЕРГ 1 МАЯ | Рак шейки матки – это заболевание, предупреждаемое с помощью вакцины. Эффективность вакцинации против вируса папилломы человека (ВПЧ) для предотвращения рака шейки матки в более позднем возрасте превышает 90%. Каждая девочка заслуживает будущего без рака шейки матки. #вакциныработают #VaccinesWork #EIW2025 (EU, КСЕК, НЦОЗ и МЗ коллаборацию) | Жатыр мойны обыры – вакцинаның көмегімен алдын алуға болатын ауру. АПВ-ға қарсы вакцинация жатыр мойны обырының алдын алуда 90%-дан астам тиімділігін көрсетуде. Әрбір қыз бала жатыр мойны обыры жоқ жарқын болашаққа лайықты! #вакциналарӘрекетЕтуде #VaccinesWork #EIW2025 |
ПЯТНИЦА 2 МАЯ | Сохраняя Европейский регион свободным от эндемического распространения полиомиелита с 2002 г., мы защищаем жизни детей и помогаем ликвидировать полиомиелит (#endpolio) во всем мире. Важна каждая прививка. #вакциныработают #VaccinesWork #EIW2025 (EU, КСЕК, НЦОЗ и МЗ коллаборацию) | 2002 жылдан бері Еуропа және Орталық Азия өңірін полиомиелиттің эндемиялық таралуынан сақтай отырып, біз балалардың өмірін қорғап, полиомиелитті бүкіл әлемде жоюға көмектесудеміз (#endpolio). Әрбір екпе маңызды. #вакциналарӘрекетЕтуде #VaccinesWork #EIW2025 |
СУББОТА 3 МАЯ ![]() | Инфодемия и распространение некорректной информации отрицательно сказываются на подходе людей к своему здоровью. #вакциныработают #VaccinesWork #EIW2025 (EU, КСЕК, НЦОЗ и МЗ коллаборацию) | Инфодемия және жалған ақпараттың таралуы адамдардың өз денсаулығына деген көзқарасына және әрекетіне кері әсерін тигізеді. #вакциналарӘрекетЕтуде #VaccinesWork #EIW2025 |
ВОСКРЕСЕНЬЕ 4 МАЯ | Некоторые вакцины, например инактивированная вакцина против сезонного гриппа и вакцина против коклюша, безопасны и рекомендованы к использованию в период беременности. Они защищают вас в тот период, когда ваша иммунная система ослаблена, а также проникают сквозь плаценту и помогают защитить вашего малыша от серьезных болезней в самом раннем возрасте. #вакциныработают #VaccinesWork #EIW2024 (EU, НЦОЗ и МЗ коллаборацию) | Кейбір екпелер, мысалы, маусымдық тұмауға қарсы вакцина және көкжөтелге қарсы вакцина қауіпсіз және жүктілік кезінде де қолдануға ұсынылады. Олар сіздің иммундық жүйеңіз әлсіреген кезеңде сізді қорғайды, сонымен қатар плацентаға еніп, кішкентайыңызды ерте жаста ауыр аурулардан қорғауға көмектеседі. #вакциналарӘрекетЕтуде #VaccinesWork #EIW2024 |