⚜Сәтті кездесу⚜

🔰25 — маусым Новое Тв телеарнасы және Жаңа Фм радиосында өтетін «Сәтті күн» бағдарламасының қадірлі қонағы ретінде «Bolashaq» Академиясының Құқықтану мамандығының 1-курс студенті Кадрин Тілеген шақырылды.

Сүбелі сұқбатта ол өзінің өмірбаяны, студенттік уақыты және сол уақытта жеткен жетістіктері жайлы сөз қозғады. Оның ішінде, жақында «Dauletten» қорының ұйымдастыруымен болған «Білімнің жұлдызы-2024» аясында өткен конкурстың жеңімпазы болғаны жайлы баяндады.

Сонымен қатар, мектеп бітірушілерге яғни, болашақ студенттерге қалай «белсенді студент» болу керектігін және ой-пікірімен бөлісті.

Ол бір сөзінде «Студенттік шақ ең бақытты, қызықты шақ» екенін тілге тиек етті.

✅ Қазіргі таңда Кадрин Тілеген «Bolashaq» Академиясының «Мейірім» атты волонтёрлық ұйымының жетекшісі! Кадрин Тілеген студентімізге алда қажымас қайрат, рухты жігер, болашақта үлкен үміт артамыз.

⚜Академиямыздың қабырғасында осындай белсенді студенттер қатары арта берсін!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.