С 17 по 19 сентября в академии «Bolashaq» был проведен Республиканский научно-практический семинар по обучению сотрудников образовательной сферы латинской графике.
В ходе семинара проведен круглый стол и тренинги для участников.
Семинар открыл заместитель председателя рабочей группы по Республики Казахстан, доктор филологических наук, профессор Н.Уалиев.
Круглый стол и семинары-тренинги проведены совместно с представителями АО «Национальный научно-практический центр «Тіл-Қазына» имени Шайсултана Шаяхметова».
Участникам семинара были выданы сертификаты.
Руководителям организаций, участвующих в семинаре, были вручены благодарственные письма.
«Bolashaq» латын графикасын оқытуда
Латын графикасын оқыту, оны меңгертудің тиімді жолдарын игерту мақсатында «Bolashaq» академиясы 2019 жылдың 17-19 қыркүйегі аралығында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отыра «Латын графикасының өзекті мәселелері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді. Атап айтар болсақ бұл игі бастама Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған жетінші міндетті жүзеге асыру аясында өткен шара. Аталмыш семинар ЖОО, орта және негізгі білім беретін мектепте (колледжде) қазақ және орыс сыныбына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ жүргізетін мұғалімдерге, сондай-ақ облыс, қала, аудандардың тілдерді дамыту басқармасы, орталығы (бөлімі) қызсметкерлеріне (мамандарына) арналған болатын. Бір қуантатын жағдай – латын графикасына негізделген жаңа әліпбиді игеруге, қазақ тіліне жаңа әліпбимен қоса келген емлелерді үйренуге деген қатысушылардың ынтасы. Жалпы саны 50 ден аса облысымыздың түкпірінен өтінім түсті.
Семинардың ашылуы академиямыздың ректоры Меңлібаев Құрал Несіпбекұлының сөзімен басталса, келесі кезекте Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры, фил.ғыл.кандидаты Ербол Ердембекұлы Тілешов дәріс оқып, тіл ғылымы жайлы, мемлекеттік тілдің латын графикасымен қоса келер абыройы жайлы өте маңызды сұрақтарды көтерді. Семинардың екінші жартысы академия ғалымдары және «Тіл-Қазына» орталығының мамандары қатысқан дөңгелек үстел өтті. Семинардың екінші күні «Bolashaq» академиясының профессоры Құрманғазы Сембиев «Қазақ жазуының тарихы» тақырыбында дәріс оқыса, семинардың қалған күндері «Тіл-Қазына» орталығының мамандары «Латын графикасының өзекті мәселелері» жайында дәріс оқыды. Семинар соңында әр қатысушыға біліктілігін арттырғаны жайлы арнайы сертификат беріліп, аталмыш мамандарды жіберіп отырған ұжым директорларына алғыс хат тапсырылды.
Жалпы берері көп бұл семинар барысында қазіргі таңда маңыздылығы артып отырған латын графикасының өзекті және түйткілді мәселелері қарастырылды. Қатысушылар семинардан біліктілігін арттырып қайтты.
Семинар ЖОО, орта және негізгі білім беретін мектепте (колледжде) қазақ және орыс сыныбына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ жүргізетін мұғалімдерге, сондай-ақ облыс, қала, аудандардың тілдерді дамыту басқармасы, орталығы (бөлімі) қызсметкерлеріне (мамандарына) арналған.
п.ғ.м. Ерзат Ермағамбетов