Профориентационная работа с выпускниками колледжа

6 мая 2021 года в режиме он-лайн на платформе Zoom прошла профориентационная работа с выпускниками  колледжа  МГТ (Многопрофильный гуманитарно-технический колледж) города Караганды. 

Қарағанды  қаласының  Көпсалалы  гуманитарлық-техникалық  колледж  түлектерімен өткен  кәсіптік бағдар беру жұмысы

2021 жылдың 06 мамырында  ZOOM тұғырнамасында ЖМ Bolashaq академиясы   кафедраларының  оқытушылар құрамы кәсіби бағдар беру мақсатында Қарағанды қаласының Көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледж түлектерімен   онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге  колледж  түлектері мен ұстаздары және ата-аналары   қатысты.

Шараны Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Б.А.Абылбаева ұйымдастырып, жүргізді. Аталған іс-шараға академияның «Студенттерге қызмет көрсету орталығының» басшысы  С.Т. Тұрғанбаева  қатысып, өз тарапынан маңызды ақпарат берді.     Сонымен қатар ББ бойынша Қазақ тілі және әдебиеті кафедасынан Р.Х.Абдрахманов, Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу кафедрасынан К.А.Сарбасова, Қаржы кафедрасынан А.З.Апеева, Құқықтану кафедрасынан  Р.Д.Окашев қатысты.   Колледждің биылғы түлектеріне  Академияның білім беру бағдарламалары туралы және  құжаттарды тапсыру мен қабылдау рәсімі бойынша ақпарат беріліп,  Академия өмірінен таныстырылым және видео  көрсетілді.

Түлектер жалпы оқу ақысын төлеуге, оқу ақысын төлеуде болатын жеңілдіктерге, білім беру гранттарына және т. б., оқу мәселесіне қатысты сұрақтар қойып, қызығушылық танытты.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.