В соответствии с планом профориентационной работы кафедры Казахского языка и литературы 10 марта 2021 года была проведена он-лайн встреча на платформе Skype с выпускниками Саранского гуманитарно-технического колледжа им.А. Кунанбаева на тему “Менің мамандығым–педагог”.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес 2021жылы 10 наурызда А.Құнанбаев атындағы Саран ГТК бітіруші түлектеріне «Менің мамандығым–педагог» тақырыбында Skype платформасы арқылы online режимінде кездесу өткізілді.
Кәсіби бағдар беру жұмысына колледж студенттері мен ата-аналар, барлығы -25 қатысушы қосыла алды.
Қатысушыларға «Bolashaq» академиясы туралы жарнамалық ролик, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы туралы бейнематериал түрінде күндізгі және қашықтықтан оқыту бөлімі студенттерінің қатысуымен ақпарат берілді.
Сондай-ақ ауызша хабарлау үшін К-17-1, К-19-1 топтарының күндізгі бөлімінің студенттері тартылды.
Біздің академияның студенттері колледж студенттерімен сөйлесе отырып, кафедра туралы, оқу туралы, мүмкіндіктер туралы, оқу процесі, ғылыми жұмыстар және “Bolashaq”академиясының оқу-тәрбиеның басқа салалары туралы сұрақтарға жауап беруге дайын болды.
Академия студенттері колледж студенттері мен олардың ата-аналарына білікті, тәжірибелі оқытушылар мен студенттердің жетістіктері, биылғы алған жүлделі орындар туралы айтып берді.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, п.ғ.м. Р.Абдрахманов жоспар бойынша 26.02.2021ж. Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі студенттерімен ZOOM платформасы арқылы кездесу өткізіп, «Bolashaq» академиясына оқуға түсудің ережелерін және жеңілдіктер туралы айтып берді.
Аталған колледждің «Қазақ тілі және әдебиеті» бөлімінің Қ-17 тобы (4 курс) студенттерімен кездесу өтті. Кураторы – қазақ тілі ме әдебиеті пәні мұғалімі Ә.Ж.Қасымова. Үміткерлердің көбі қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының қашықтықтан оқу бөліміне түсуге талпыныс білдіріп отыр.
Студенттер мен ата-аналарды ұсынылған ақпарат қызықтырды. Колледж студенттері мен ата-аналар қайта кездесуге ниет білдірді.
Кәсіби бағдар жұмысына жауапты Бағдал А.
Мысль на тему “Профориентационная работа кафедры Казахского языка и литературы”
Спасибо, любимый ”БОЛАШАК”