ПОСЛЕДНИЙ ЗВОНОК ДЛЯ СТУДЕНТОВ СПЕЦИАЛЬНОСТИ “ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ”

6 мая в актовом зале прозвенел последний звонок для студентов специальности “Педагогика и психология”. Для выпускников был проведен праздничный концерт.

​Соңғы қоңырау – бұл қуанышты һәм көңілсіз және қимастық сезім ұялататын күн. Бірақ бірінші кезекте бұл біздің түлектеріміздің мерекесі екенін ұмытпаған абзал! Аталмыш мерекелік кешті ПиП-17-1 тобының студенті Ротань Фрида және ПиП-16-2 тобының студенті Боранкулова Динара жүргізді. 

Әуелі залға салтанатты құрметпен ПиП-15-1 тобының түлектерін және оның кураторы Шутенова С.С шақырылса, іле-шала ізін суытпай ПиП-15-2 тобының түлектері және олардың кураторы Есмагулова А.А. шақырылды. Кештің шымылдығын ашқан Педагогика ғылымдарының кандитады., профессор және “Болашақ” академиясы ғылыми кеңесінің хатшысы Акпарова Ж.М., сонымен қатар кафедра менгерушісі Коржумбаева М.Б. бііруші түлектерге ақ жол тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Дов-16-2 тобының студенті Кайыржанова Дарина Өзбек биін билеп, көрермен көңілінен шықты. 

Бітіруші түлектерге арнап 1-2 курс студенттері және ПиП-18-1 тобының студенті Ким Владислав “Академия” әнін шырқады. Дәл осындай қарқынмен педагогика және психология мамандығы студенттерінің түрлі өнеріне барша академия тәнті болды. Мереке соңына қарай осы топтарды бірінші курстан бағыт беріп жетекшілік етіп келе жатқан кураторларға сөз берілді Шутенова С.С. және Есмагулова А.А. бітіруші түлектерге сәт сапар тіледі.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.