ПОДГОТОВКА К НОВОМУ УЧЕБНОМУ ГОДУ

Закончился учебный год. Большая часть коллектива Академии ушли в отпуск.

Административно-хозяйственная часть во главе с главным инженером Толеубаевым М.Д. свою деятельность будет осуществлять все лето.

Ведется работа по подготовке аудиторного фонда к новому учебному году.

​Серимов Е.Е., кандидат юридических наук, начальник отдела послевузовского образования:

Жыл бойы кездескен қиындықты кейінге қалдырып, жұқарған жүйке мен кемшін білінген денсаулықты қайтадан тың қалпына келтіріп, жақсартпақ ниетпен академияның профессорлық-оқытушы құрамы көптен күткен демалыстарына шығуда. Алдарында алаңсыз демалыс, жайдары жаз күтіп тұр. Әйтсе де, көпшілік демалысқа шықса да, жұмыс қарқынын жоғалтпақ түгілі, бір сәт бәсеңдетпеген бөлім бар. Бұл бөлім – Мақсұт аға Толубаев бастаған академияның шаруашылық бөлімі.

“Қыс шанаңды жаз сайла”, – дейді халық. Осы бір қағидатты негізге алып, бұл бөлім жаңа оқу жылына дайындықты бастап та кетті. Кенеуі кетіп тұрған оқу, дәріс залдары мен кабинеттер қалпына қарай жай да күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Өтіліп болғандары бұлт арасынан шыққан айдай жарқырап шыға келді. Көзіңді алады, көңіліңді тоцдырады. Жаңа оқу жылында көздейтін жаңа мұраттар көп.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.