Победы наших студентов

Студентка кафедры Казахского языка и литературы Сакенова Аида приняла участие в on-line конкурсе, организованном Актюбинским региональным государственным университетом им.К.Жубанова, посвященный 175-летию Абая Кунанбаева.

В конкурсе приняли участие молодые люди со всех регионов страны, которые проникновено читали стихи великого Абая.

Сакенова Аида заняла третье место. Поздравляем с победой!

Қайырлы күн құрметті оқырмандар!

«Bolashaq» академиясы Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының қоржынына тағы да бір жеңіс келді. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті «Абайтану және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу Орталығы «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты Абай поэзиясы бойынша инста-байқау жариялаған болатын. 2 ай көлемінде өткен байқауға еліміздің түрлі өңірлерінен өлеңсүйер белсенді жастар қатысты. Комиссия мүшелері өлең оқу мәнеріне, өлең таңдауына, дауыс ырғағы мен интонациясына мән беріп, өлеңді жүрекпен жеткізу қабілетіне қарай жеңімпаздарды аныңтады. К-16-1 оқу тобының студенті Аида Сакенова белсенділік танытып, Ұлы Абайдың рухани мұрасын қайта жаңғыртуға қосқан үлесі үшін «Bolashaq» академиясына алғыс білдірді. Аида осы байқауда Абай атамыздың «Көк тұман – алдыңдағы келер заман» атты өлеңін жатқа оқып, https://instagram.com/abaitanu.arsu?igshid=24z524s1eb5g сайтына жариялады.

Байқау қорытындысы бойынша, Сакенова Аида 3 орынға ие болды. Байқауда белсенділік танытып, ерекше көзген түскен Аиданы, көрнекті Абайтанушы ғалым Б.А. Ердембековтің авторлығымен жарық көрген «Абайтану» кітабын және ақшалай сыйлық берілді. Жоғарыдағы сілтеме бойынша, байқаудың толық нұсқасын көре аласыздар.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.