8 сентября 2020 г. в Академии “Bolashaq” г. Караганды прошел онлайн-семинар, посвященный Дню языков народа Казахстан и дню рождения Ахмета Байтурсынова.
Онлайн – семинар на платформе Skype был организован кафедрой Казахского языка и литературы Академии “Bolashaq”.
Модератором платформы и ведущей конференции выступил заведующий кафедрой Казахского языка и литературы, профессор Сембиев Курмангазы Закирович.
Ректор Академии “Bolashaq”, профессор Менлибаев Куралбай Несипбекович с приветственным словом открыл конференцию и поздравил гостей и участников конференци с значимыми праздниками для нашего народа.
Қарағанды қаласының «Bolashaq» академиясының ұйымдастыруымен 2020 ж. 8 қыркүйегінде А. Байтұрсынұлының туған күні мен ҚР Тілдер күніне орайластырылған онлайн-семинар өтті.
Скайп платформасында өткен онлайн – семинарды Bolashaq» академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы ұйымдастырды.
Платформа модераторы және конференцияны жүргізуші қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы болды.
Конференцияның Bolashaq» академиясының академиясының ректоры, профессор Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлы алғысөзімен ашып конференция қонақтары мен қатысушыларды Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен және Тілдер күні мерекесімен құттықтады. Ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың: «Қазақтың тілі – қазақтың жаны. Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде» деп атап өткенін, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағанбетовтің «Ахмет Байтұрсынұлы өскелең ұрпақты оқу-білімге, мәдениетті тануға, әлеуметтік сананы жаңғыртуға шақырып, еліміздің азаттыққа қол жеткізгендігін қалады» деген сөздерін мысалға келтіре отырып, қазіргі таңда, қазақ тілінің мәртебесін көтеруді мемлекеттік деңгейде қолға алып жатқанын, сондай-ақ «Болашақ» академиясында «Ахмет Байтұрсынұлының қайраткерлік мұраты және тәуелсіздік құндылықтары» атты республикалық ғылыми-практикалық семинардың өткізілуі заңдылық деп атап көрсетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен онлайн шығып отырған тіл ғалымдарының жұмыстарына сәттілік тіледі.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Конференцияға қатысушылар ғалымның қазақ тарихындағы орны мен еңбектері жайында сөз қозғады. Конференция Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Тілешов Ербол Ердембекұлының (Нұр-Сұлтан қаласы), Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор (Қарағанды қаласы ) Əбдуов Мұқамедқали Ілиясүлының ғалымның баға жетпес сапалы еңбектерін тереңдеп зерттеу – алдағы зор міндеттердің бірі екенін атап өткен баяндамаларымен басталды.
Қазақ тілін оқытуды жаңа жолға қою – бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Семинарда сөз алушылар:
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының профессоры, ф.ғ.д.
Көпбаева Меруерт Рахымбайқызы (Тараз қаласы),
Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры
Данияров Талғат Әбубәкірұлы (Түркістан қаласы).
Конференция қатысушылары ұлт ұстазының ұрпаққа қалдырған асыл мұрасының мәнін толығырақ ашып, айқындай түсу, келер ұрпаққа ұшан-теңіз еңбектерін сараптап түсіндіріп жеткізу ғалымдарға аманат екеніне тоқтала келіп «Ахметтану» курсын ашуды ұсынды.
Онлайн-семинар барысында көтерілген мәселелер мен талқыланған сұрақтар ана тіліміз – қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін биіктетуге өз үлесін қосады деген үміттеміз.