“Наурыз – жаңару мен бірліктің мерекесі” атты кураторлық сағат

Наурыз айының 17-сі күні «Педагогика» кафедрасының оқытушылары мен студенттернің ұйымдастыруымен “Наурыз – жаңару мен бірліктің мерекесі” атты кураторлық сағат өтті.

Іс-шара барысында Наурыз мейрамы – қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін жаңғырту мен сақтауға арналған мереке екендігі, бұл күні ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін еске алып, ұрпаққа жеткізу маңызды болып табылатындығы айтылды.

Шара барысында түрлі викториналар мен байқаулар өткізілді. Атап айтсақ, «Наурыз викторинасы», «Шаш өру сайысы» мұндай шаралар халықтың тарихы мен ұлттық құндылықтары туралы білімдерді арттыруға бағытталған. Әрбір қатысушы Наурыз мерекесінің мәні мен маңызын терең түсініп, ұлттық мәдениеттің байлығын сезінуге мүмкіндік ала алды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.