За вклад в образование заведующий кафедрой Казахского языка и литературы профессор Академии “Bolashaq” Сембиев Курмангазы Закирович награжден грамотой акима Карагандинской области.
Поздравляем Курмангазы Закировича и желаем дальнейших успехов и побед!
Құрманғазы Зәкірұлы Сембиев 1962 жылы Сыр өңірінде дүниеге келген. 10 жылдық орта мектепті үздік аяқтаған жас жігіт жоғары білім алу мақсатында 1980 жылы ҚарМУ филология факультетінің «Қазақ тілі мен əдебиеті» мамандығына оқуға түседі. Жасынан елгезек, ұшқыр мінезді білім-ғылымға құштар бозбала бірден ұстаздарының көзіне түседі. Қазақ тіл білімі кафедрасының негізгі тірегі болған Қалжан Тұңғышбайұлы, Төлеубай Қордабаев, Əбжан Құрышжанұлы, Фатима Кенжебаева, Қайролла Нұрмұқанов, Сəбила Төлекқызы, Ұлбек Оспалақова, Сұлтан Ыбыраев сынды ғалымдардан өміріне қомақты азық болар білім алды.
Еңбек жолын бастаған Сыр өңірінде жас маман 1986 жылы аспирантураға түсіп, ғылым жолындағы еңбек пен ізденіске толы өмір жолы бағыт алды. Түрлі оқу орнында қызмет атқарып тәжірибе жинақтаған Құрманғазы Зәкірұлы бүгінгі күнде филология ғылымдарының кандидаты, БҒМ ЖАК доценті, «Bolashaq» академиясының профессоры. Ғалымның 100-ге тарта жарияланымдары, 4 монография және 14 оқу құралы жарық көрген. Тіл ғылымының түркология, жалпы тіл білімі, қазіргі қазақ тілінің синтаксисі, қазақ лингвистикасындағы жаңа бағыттар, тіл тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері, түркі тілдерін тарихи-салыстырмалы зерттеу салалары бойынша студенттер мен магистранттарға дәріс береді.
Тəжірибесі бай, білікті маман қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі ретінде кафедраны академияның озық ұжымдарының қатарына қосты.
Қазақ тілі білімі саласында тер төккен Құрманғазы Зәкірұлы əріптестері мен шəкірттері арасында зор беделі зор. Озық тəжірибелі ұстаз Қарағанды облысының Тілдер дамыту басқармасы Ресурстық тіл орталығы әдістемелік кеңесінің және Қарағанды облысы бойынша Латын графикасына көшу жұмыс тобының мүшесі және т.б. академиядан тыс қоғамдық белсенділігі мен марапаттарын тізе беруге болады.
Бүгінгі күні осындай қажырлы еңбегінің арқасында Қарағанды облыс әкімі Құрмет грамотасымен марапаттап жетістіктеріне оң баға беріп отыр
Мерейлі ұстаз, ойы терең, көптің көңілінен шыққан зерделі ғалым Құрманғазы Зәкірұлын бүгінгі марапатымен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, асар асуларыңыз əлі де көп болсын демекпіз. Тіл ғылымының еңсеріне шығып, іргелі еңбектері иесі болған Құрманғазы Зәкірұлы əлі талай ізденістің нəтижесіне қол жеткізері сөзсіз. Озық білім беріп, үлгілі шəкірт тəрбиелеуде де өнегелі жол көрсетіп білімнің биігіне, ғылымның асқарына талмай, өрлей беріңіз.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы ұжымы