Менің елім – Қазақстаным!

«Bolashaq» академиясының 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті», 6В01703 – «Қазақ және орыс тілінде білім беретін мекемелердегі қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаларының К-23-1, КР-23-1 студенттері мен топ кураторы Н.К. Касетованың  жетекшілігімен қазанның 23 күні Менің елім – Қазақстаным! 30 тамыз конституция күніне орай ашық  куратор сағатын өткізді.  Сабақ барысында студенттер баяндама, өлеңдер оқып,  интелектуалдық ойын ойнады, өз ойларын, тілектерін ортаға салды.

Куратор сағатын мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;

Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата – бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.