08 қазан күні Қаржы білім беру бағдарламасының 1 курс студенттеріне арналған “Қазақтың ұлттық ойындары” атты кураторлық сағат өтті.
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындары асық ойнау, тоғыз-құмалақ, көкпар, бәйге ойындары туралы ақпарат беру арқылы қазақтың салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Ойын ол – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сонымен қатар бұл тақырып ұлт ойындары – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз екенін түсіндіреді. Сабақ соңында студенттер өз пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға салды.