Студенты 4 курса образовательной программы “Дошкольное обучение и воспитание” с 27 января по 20 марта прошли профессиональную практику.
20 апреля 2020 года студенты образовательной программы “Дошкольное обучение и воспитание” провели итоговую конференцию по практике со своими руководителями в онлайн режиме по программе Skype.
Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасының «Өндірістік (әдістемелік) практиканың қортынды конференциясы
2020 жылдың 20 қаңтарда Дов-16-2 тобының 27.01.2020– 20.03.2020 ж.ж. аралығындағы 10 аптаға жоспарланған «Өндірістік (әдістемелік) практиканың қортынды конференциясына Оқу-әдістемелік басқармасының практика бойынша маманы Қонысбаева Ж.М. және Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасының оқытушылары п.ғ.к Шалтаева Р.Ж., аға оқытушы магистр Жанысбаева Р.М., сонымен қатар (әдістемелік) практиканың жетекшісі аға оқытушы магистр Бакарамова С.А., Дов-16-2 тобының студенттері: Кайыржанова Дарина (Қарағанды қаласы, «Айгөлек» бөбекжай), Кордабай Молдир (Қарағанды қаласы, «Айгөлек» бөбекжай), Камкат Аружан (Қарағанды қаласы, «Алтын бесік» бөбекжай), Серик Жансая (Қарағанды облысы Қарқаралы ауд. Томар ауылы ЖОББМ шағын орталық) қатысты.
Бірінші сұрақ бойынша практика жетекшісі аға оқытушысы магистр Бакарамова С.А. сөз сөйледі. Өндірістік (әдістемелік) практиканың нәтижесін талқылап студенттерді ортаға шығарды. Дов-16-2 тобының студенттері Кайыржанова Дарина және Қордабай Мөлдір Қарағанды қаласы, «Айгөлек» бөбекжайында өткен практикасы бойынша мектепке дейінгі мекеменің педагогикалық құжаттарымен: Мемлекеттік стандартамен, мекеменің Концепциясымен және даму бағдарламасына тоқталып өтті. Іс-тәжірибе кезеңіне құрылған іс-тәжірибе өтушінің жеке жоспары, педагогикалық кеңестің материалын оқып, зерттеу жұмыстарына тоқталып кетті.
Аға тәрбиеші ретінде өзіндік жұмысқа дайындалу: кеңестер, семинарлар, диагностикалық карталарды толтырғанын слайд бойынша көрсетіп өтті. Дов-16-2 тобының студенті Камкат Аружан Қарағанды қаласы, «Алтын бесік» бөбекжай «Өндірістік (әдістемелік) практикасын» слайд бойынша жүргізген іс тәжірбие бойынша есебін тапсырды және құжаттарға назарын аударып мұғалімдердің сұрақтарына жауап берді. Дов-16-2 тобының студенті Серик Жансая Қарағанды облысы Қарқаралы ауд. Томар ауылы ЖОББМ шағын орталықта өткен іс тәжірбиесін слайдпен көрсетіп өз есебін тапсырды.
Қортындылай келе п.ғ.к Шалтаева Р.Ж. және аға оқытушы магистр Жанысбаева Р.М. осы практиканың өту барысндағы жұмыстар жайлы сұрақтар қойды, студенттер сұрақтарға ойдағыдай жауап берді. Оқу әдістемелік басқармасының практика бойынша маманы Қонысбаева Ж.М. практика жайында өз пікірін білдіріп студенттерге сәттілік тіледі.
Практика жетекшісі Бакарамова С.А. болашақ педагог мамандарын даярлаудағы маңызын, маманның біліктілігін қалыптастыруда ерекше орын алатынын айтып, студенттердің қортынды бағасын шығарды. Сөз аяғында студенттерге сәттілік тіледі.
Практика жетекшісі Бакарамова С.А.