Историко-познавательный вечер “Зұлмат жылдар қасіреті – Трагедия горьких лет”

24 мая 2021 года Карагандинская областная юношеская библиотека им. Ж. Бектурова ко Дню  памяти жертв политических репрессий и голода, в рамках статьи Президента РК К.К.Токаева «Независимость дороже всего», посвященной 30-летию Независимости Республики Казахстан, провели историко – познавательный вечер «Трагедия горьких лет», модератором которого выступил заведующий кафедрой Общеобразовательных дисциплин, кандидат исторических наук, доцент Касенов Е.Б.

2021 жылдың 24 мамыр күні сағат 14.00- де Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Зұлмат жылдар қасіреті» атты ZOOM платформасында тарихи – танымдық кеш өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: Жастардың Отанға, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін арттыру, ұлтжандылық пен адамгершілікке тәрбиелеу; еліміздің рухани және мәдени мұраларын қадірлеуге баулу; тоталитарлық және сталиндік репрессия жылдары жазықсыз жала құрбандары болып кеткен тариха тұлғаларды мәңгі есте сақтау мақсатында жастар санасында жаңғырту, ұлт ұлыларына тағзым ете білуге үйрету.

Іс-шараға қатысушылар:

  1. Гүлнұр Шамерденқызы Тулепбергенова – экскурсия жетекшісі, «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «АЛЖИР»- дағы азап шеккен аналар» виртуалды экскурсия өткізеді.
    (Ақмола обл., Целиноград ауданы, Ақмол ауылы);
  2. Елдос Нүсіпұлы Тоқтарбай – алаштанушы, балалар жазушысы, әдебиет сыншысы, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Баяндама тақырыбы: «Репрессияланған белгісіз Алаш қайраткерлері» (Нұр – Сұлтан қ.);
  3. Сәуле Сүйіндікқызы Қасымова – тарих ғылымдарының кандидаты, Қарағанды техникалық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті. Баяндама тақырыбы: «Кеңес Одағындағы ұлт саясаты мәселелері ұлт зиялыларының тергеу істерінде» (Қарағанды қ.);
  4. Зауреш Ғалымжанқызы Сақтағанова – профессор, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының докторы. Баяндама тақырыбы: «Голод в Центральном Казахстане 1931-1933 годах: причины, последствия» (Қарағанды қ.);
  5. Жанат Рымқұлқызы Шпанова, Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының сирек кітаптар мен қолжазбалар және музей жәдігерлері бөлімінің кітапханашысы. Баяндама тақырыбы: «Жайық Бектұров –қуғын –сүргін құрбаны» (Қарағанды қ.).

Модератор: Қасенов Еламан Балтаұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, Болашақ академиясының жалпы білім беру пәндер кафедрасының меңгерушісі (Қарағанды қ.).

Данное мероприятие отражено на официальном сайте Карагандинской областной юношеской библиотеки им. Ж. Бектурова и социальной сети FaceBook

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.