17 ақпан күні Қарағанды Е.А.Бөкетов университетінде «BIR TOLQYNDA» атты облыстық жас көшбасшылар форумы өтті. Форумның ашылу салтанатында Ғабит Хәкімұлы Сәтмағамбетов, «GPARK» құрылыс компаниялар тобының негізін қалаушы, бас директоры сөз сөйлеп, студенттермен сұрақ-жауап алмасты. Ары қарай, Омарханов Нұркелді Зиядаұлы, «Қарағанды обылысының жұмысшы жастар одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасына сөз кезегі берілді. Форумның мәресін, Дәурен Берікбайұлы Рахымбеков, «Азамат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, 2019 жылдың «Үздік волонтері» тәмәмдады.
Дәурен мырза тәжірбиесімен бөлісіп волонтерлік қызметтің қызықты да сырлы қырларымен бөлісті.
Форумға жиналған ЖОО-ның студенттері 4 дәрісханаға бөлінді:
- «Өзін-өзі басқару органдарының жұмысын жетілдіру»
Қатысушылар: университеттердің студенттік парламент, жастар ісі жөніндегі комитет, «Жастар рухы», АСК өкілдері. - «Волонтерлық қызметті дамыту»Қатысушылар: университеттердің волонтерлік клубтарының өкілдері.
- «Пікірсайыс қозғалысының жаңа белестері» Қатысушылар: университеттердің пікірсайыс клубтарының өкілдері
- «Шығармашылық болмысты қалыптастыру» Қатысушылар: университеттердің шығармашылық ұжымдардың өкілдері
Көшбасшы жастардың бас қосуымен
Қарағанды қаласы бойынша дебат қозғалысы, облыстық, республикалық деңгейлерде ойын көрсету жайлы сөз қозғалды. Қарағанды Пікірсайыс Бірлестігін құрып, халықаралық деңгейге шығару талқыланды. Жаңа өзара проекттер құрып, достық турнирлер ұйымдастыру мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, шығармашылық өнерді дамыту, ән, сурет пен сөз өнері жайлы ойлар ортаға салынды. «BIR TOLQYNDA» атты жаңа жобаны қолға алу, Қарағанды облысы бойынша ЖОО- дарынан дарынды жастарды іріктеу мәселесі қозғалды. Өнерге жаны жақын жастардың басын қосу жайлы пікірлер ортаға салынды.