«Бір кем дүние» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы

2022  жылдың 20 қазанында Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының  ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның  90 жылдық мерейтойына  орай Қарағанды қаласының ЖОО студенттері арасында  «Бір кем дүние…» атты көркемсөз оқу шеберлерінің  байқауы өтті.

Аталған байқауға «Bolashaq» Академиясынан қазақ тілі мен әдебиеті оқу бағдарламасының 1-курс студенті Алматұлы Ақжол, 3-курс студенті Рамазанова Аружан, Оразхан Айкенже қатысты. Студенттеріміз  алғыс хат және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.