Қарағанды –  құт мекен!

10.02.2025 күні қала күніне арналған ПМНО-24-2,ПМНО-24-2с,ПМНО-23-2,ПМНО-22-2,ПМНО-21-2,ПиП-24-2,ПИП-22-2 топ студенттеріне  «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы А.Б. Қосманова «Қарағанды құт мекен» атты кураторлық сағат өткізді.

Қарағанды қаласының күніне арналған кураторлық сағатта: Қала тарихы мен мәдениеті туралы мәліметтер айтылып, Қарағандының даму кезеңдері мен қала тұрғындарының ерен еңбектері айтылып, тарихи тұлғаларға назар аударылды. Қаламыздың әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, өнеркәсіп, білім және мәдениет салаларындағы жаңалықтар туралы баяндалып ПМНО-24-2 тобы дайындап әкелген презентацияға назар аударылды. Студенттердің қалаға деген патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында жастар арасында туған жерге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік тақырыптарында сөз қозғалды.

Аға оқытушы А.Б.Қосманова қорытынды сөзінде, тәрбие сағатының мәні мен маңызын атап өтіп, жастардың бойына қаланың болашағына деген сенім мен үміттерін оятып, студенттерге Қарағанды қаласын одан әрі дамытуға келешекте өз үлестерін қосу үшін міндеті мен мақсатын жеткізді.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.