2024 жылдың 5 желтоқсанда «6В01301- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының ПМНО-22-2 тобының студенттерінің «Бастауыш мектепте әдеби оқуды оқыту әдістемесі», «Математика оқыту әдістемесі» пәндері бойынша курстық жұмысты қорғау өтті.
Курстық жұмысты қорғауға «Педагогика» кафедрасының аға оқытушылары, ғылыми жетекшілері Ж.А.Арунова, Р.Н.Жапанова қатысты.
Курстық жұмыс – бұл студенттің нақты пән бойынша алған білімдерін тереңдетіп, ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған жазбаша жұмыс. Оның негізгі мақсаты – студенттің белгілі бір тақырып бойынша теориялық білімін көрсетіп, практикалық дағдыларды қолдану қабілетін тексеру.Курстық жұмыс білім алушының өз бетімен жұмыс істеу қабілетін, аналитикалық ойлауын және ғылыми-зерттеу әдістерін меңгеру деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол студентке таңдаған тақырып бойынша ақпарат жинау, деректерді талдау және оларды жүйелі түрде баяндау машығын дамытуға ықпал етеді.
Курстық жұмыстың маңызды ерекшеліктерінің бірі – оның ғылыми сипаты. Бұл студенттен нақты деректерді, ғылыми әдебиеттерді, тәжірибелік материалдарды пайдаланып, зерттеу жүргізуді талап етеді.
Қорғау барысында студенттер өздерінің жасаған презентациялары бойынша қорғады. Мәліметтер қорымен жұмыс жасай алатындарын және ақпараттандыру тілін жетік меңгергендерін көрсетті.
Бүгінгі қорғауда ПМНО-22-2 тобының студенттері Ошакбаева Д., Талгатова А. жан-жақты дайындықпен келгендерін көрсетті. Өздеріне қойылған сұрақтарға толық жауап берді.
Курстық жұмысты қорғаудың соңында «6В01301- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерінің қорытынды бағалары талапқа сай қойылды.