Уважаемые колеги!
Приглашаем принять участие в мероприятиях, посвященных 1150-летию Аот-Фараби и 175-летию Абая Кунанбаева.
Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне 2020 жылғы 5 мамырда берген сұхбатында «Ұлыларды ұлықтап, даналарды дәріптеу – халқымыздың игі дәстүрі. Біз әл-Фараби мен Абай мұрасын зерделеу арқылы қазақ даласындағы өркениеттің тамыры терең екенін көрсетеміз. Сондықтан Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойлары – бәрімізге үлкен сын» деген болатын.
Осыған орай Қазақстан Республикасының шет елдердегі Елшіліктері (тізімі қоса берілген) әлемдегі короновирустық инфекцияның таралуына және жаһандық экономикалық дағдарысқа байланысты қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, 2020 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына қатысты бірқатар іс-шараларды жоспарлады. Осы ретте Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай шет елдерде өтетін іс-шаралар туралы мағлұматтар өңделіп болғасын қосымша берілетін болады.
Сонымен ҚР-ның Елшіліктері қазақстандық жоғары оқу орындарын Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен дөңгелек үстелдерді бірігіп өткізуге шақырады. Сонымен қатар қазақстандық университеттерінің шетелдік серіктес-жоғары оқу орындарында, кітапханалар мен басқа мекемелерде «әл-Фараби орталықтарын» ашу мәселесін көтеруде. Қазақстандық жоғары оқу орнының делегациясы сапар шығындарын (авиабилеттер, қонақ үйде тұру, тамақтану және т.б.) өздері көтеретініне назар аударамыз.
Аталған ұсыныс-пікірлерді қарастырып, қабылданған шешімді k.lamasharif@mfa.kz электронды поштаға хабарлауды сұраймыз.