R. Ismailova, the docent of the Kazakh language and literature department of the Academy “Bolashaq” conducted online open lesson on the MOODLE platform on the theme: “Life and work of Umbetei zhyrau” in the group K-19-1 educational program “Kazakh language and literature”.
«Bolashaq» академиясы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Р.Н.Исмаилова қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы К-19-1 тобында «Үмбетей жырау өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында MOODLE платформасында онлайн ашық сабақ өткізді.
Ашық сабаққа академия әкімшілік тарапы, ОӘК мүшелері мен кафедра оқытушылары қатысты.
Сабақ барысында оқытушы танымдық, тәрбиелік және дамытушылық мақсатта студенттердің өзіндік іс – әрекетін ұйымдастыру, қарым – қатынас ынтымақтастығын қалыптастыру, жағымды психологиялық қолайлы ахуалды қамтамасыз ету сынды іс-әрекеттер ұйымдастыра білді.
Инновациялық технологияны пайдалану – өмір талабы. Оқытушы инновациялық және интерактивтік әдістемелерін пайдалана отырып, сабақты тиімді өткізе білді. Тақырыпқа сай видео, аудио, слайд, деректі ақпараттар, фильмдерден үзінді, тест тапсырмалар т.б. тиімді пайдаланылды. Сондай-ақ, сабақта уақытты қолданудың ұтымдылығы, іс – әрекеттердің түрлерінің ауысу және кезекпен келуі, сабақ қарқынының оптималдығы оң нәтижесін берді.