Пікір

Мен, Дуйсенбиева Гулнара Таубаевна, зИН-18-3к тобының биылғы түлегімін. Қарағанды «Bolashaq» Академиясына 2018 жылы «Шетел тілі:екі шетел тілі» мамандығы бойынша оқуға түскен болатынмын. Академия жайлы интернеттен қараған болатынмын. Мен академияны қараған соң,тереңірек зерттей түстім. Маған академия қатты ұнады. Себебі өте көп жеңілдіктер және әліміздің ең білімді профессорлары мен оқытушылары дәріс жүргізеді екен. Оқытушылар өте білімді және студенттерге көмектесуге әрдайым дайын болды. Өзімнің жетекшілерім маған зерттеу жұмыстарын жүргізуге және дайындауға көп көмек көрсетті. Көп студенттер осы «Bolashaq» академиясында білім алады деп еститінмін. Сонымен қатар академия қаланың ортасында орналасқан: жатақхана, асхана, қызықты уақыт өткізу үшін барлық жағдай жасалған, кітапхана, клубтар бар. Түрлі іс шаралар, қызықты студенттік өмір сонымен қатар ең керемет клубтар бар екенін білдім.

Алғашқы жылым өте қарқынды болды, алайда менің оқуға салған бар күш-жігерім сонымен ақталды деген ойдамын.

«Bolashaq» академиясы өркендеп келе жатқан дербес жоғары оқу орны болып табылады. Мұнда оқитын студенттер өте ақылды, еңбекқор, жылы шырайлы және белсенді. Мен өзім оқып жатқан мамандықта ғана емес, сондай-ақ басқа да мамандықтар бойынша білім алып жатқан құрдастарыммен де достастым.

Аз уақыттың ішінде ағылшын тілінің біраз материалдарын қамтып үлгердім. Және де екінші тіл ретінде – неміс тілін де оқып үйрендік. Әрине бұрын мектепте алған базалық білімімізден бұл ерекшелеу, күрделірек, тереңдетіліп оқытылды. Оқытушылары мықты, өз пәнін жетік білетін мамандар. Сонымен қатар, маған ұнаған нәрселердің бірі, ол кітапхана болып табылады. Академиядағы кітапхана көптеген әдебиеттермен жабдықталған. Сол жерде тек оқуыма қатысты кітаптарды ғана емес, сонымен қатар көркем әдебиетті де жиі оқыдым. Мұнда студенттер бос уақытында келіп компьютерлермен, интернетпен, кітап қорларымен, электрондық кітаптармен жұмыс істей алады.

Сайып келгенде, егерде сен жас маман, қарқының бойыңа сыймай, толастаған арман-тілегіңнің жүзеге асуын қаласаң, екінші жоғары білім алу немесе оқуды әрі қарай жалғастыру үшін бұл аккадемия керемет мүмкіндік. Оқу орны бізге не береді: базалық білім қорымыз молаяды, оқу бізге келген ақпараттардың тек керектісін ғана алуға үйретеді, жеке тұлға ретінде қалыптасуыңа, өмір жолыңды айқындау үшін үлкен бетбұрыстар жасауға жол ашады. Көңіл көкжиегін мен ғылыми пайымың кеңейіп, маңызды жаңалықтармен хабардар боласың. Қазақ елінің ғылыми элитасын, ел ертеңінің іргетасын қалаушы сенсің. Сондықтан жаһандану заманында білім өрісі мен шыңдарды бағындырғың келсе «Bolashaq» Академиясына келуің қажет! Ендеше, сәт-сапар, жас маман!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.