Пікір

Мен «Bolashaq» академиясының «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының биылғы түлегімін. Маған «Bolashaq» академисына  түсуге ықпал еткен барлық жағдайларға өте қуаныштымын және ризамын, өйткені дәл осы оқу орнында біріншіден, мен алға қойған мақсаттарға қол жеткізіп жатырмын, екіншіден, «Bolashaq» маған білім ғана емес, сонымен қатар үлкен өмірлік тәжірибе берді, үшіншіден, «Bolashaq» академиясынан көптеген жаңа достар таптым, соның арқасында менің өмірім жақсы жаққа қарай күрт өзгерді, және әрине, мен үшін жақындарымдай болып кеткен алтын оқытушыларым да көп нәрсені үйретті және өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті, қысқасы, «Bolashaq» маған оқыған үш жылдың ішінде бәрін берді. Сондықтан мен «Bolashaq» академиясына түсе отырып, дұрыс таңдау жасадым деп есептеймін.

«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 3-курс бітіруші түлегі ретінде мен, Мұқашбек Алтынай Амангелдіқызы «Bolashaq» академиясының ректоры, профессор Құралбай Несіпбекұлы Меңлібаевқа, оның ішінде кафедра меңгерушісі, профессор Храпченкова Надежда Ивановнаға, кафедраның барлық оқытушылар құрамына және 3 жыл бойы бізге қамқор болып, әсіресе қорытынды аттестациялау кезіңде интернет платформаларын тиімді қолдануға бағыт-бағдар көрсетіп отырған кураторымыз Арунова Жанна Ануаровнаға ерекше ықыласымды білдіргім келеді.

Сондықтан жоғары сапалы білім алғысы келетін мектеп түлектеріне «Bolashaq» академиясына оқуға түсуге кеңес бере аламын, өйткені «Bolashaq» академиясында оқу бір ғанибет, мұнда өзінің үлкен кітапханасы мен оқу залы бар, асхана, жатақхана, спорт залы, тренажер залы және тегін Wi-Fi, бұл тек шағын тізім ғана, көптеген пайдалы және қызықты нәрселер өте көп.

Заманауи бәсекеге қабілетті біз сияқты бастауыш сынып мұғалімдерін оқытып шығарған «Bolashaq» академиясының басшылығына, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасның ұжымына алғысым шексіз. Шәкірттеріңіздің алғыстарына бөленіп, еңбектеріңіздің қызығын көре беріңіздер!

 

Мұқашбек А.А.

зПМНО-18-3к

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мы вам перезвоним