21 қараша 2024 жылы “Педагогика” кафедрасының эдвайзерлері Қосманова А.Б.,Жапанова Р.Н., Есмагулова А.А., Мекадилова С.К. студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жемқорлыққа жол жоқ» атты кураторлық сағаты өткізілді. Тақырып аясында сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын және оның кеселі біздің мемлекетімізге әлеуметтік дамуымызды тежейтінін айтты. Сондай-ақ, жас ұрпақ үшін сыбайлас жемқорлық болашағына балта шабатын қауіп екенін айтып өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта студенттерге жан-жақты мәлімет бере отырып, одан сақтану жолдарын, алдына алу мәселелерін қарастыруға мүмкіндік болды. Пайдаланылған материал арқылы студенттердің ой-өрісін дамытып, одан әрі өмірде өзіндік орнын білуге, еліміздің патриоты болуға, әрі адал ұрпақ даярлауға септігін тигізеді.
Сонымен қатар, студенттер сұрақтарға жауап беріп, тақырып аясында мақал-мәтелдердің жалғасын тауып белсенділік көрсетті. Оның ішінде 1 курс студенттері Есенкелді Мәдина мен Канатбаева Жансая тақырып бойынша материалдар даярлап, соңында ой саларлық әдемі өлең жолдарын арнады.
Қорыта айтқанда, сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күрестін бір күш болуы қажет. Жемқорлық жай құқық бұзушылық емес. Біздің түпкі мақсатымыз жемқорлықты жою, заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті күшейту.