Студенттік ұйымның жаңа координаторларымен кездесу

📚 2025 жылдың ақпанында «Bolashaq» Академиясының конференц залында студенттік ұйымның жаңа координаторларының жедел отырысы өтті. Жиналыс барысында студенттік «Болашақ» Республикасының жаңа Президенті Кадрин Т.Б. өзін таныстырып, жаңа координаторларды тағайындады.

Жиында студенттер Жастар ісі жөніндегі комитеттің жоспарымен танысып, алдағы уақытта өтетін іс-шаралар туралы ақпарат алды.

📝 Кездесу кезінде Академияда жұмыс істейтін әртүрлі клубтардың басшылары өз жоспарларын таныстырып, студенттердің қызығушылығын арттыруға тырысты. Студенттер өз ойларын ортаға салып, «Bolashaq» Академиясының болашақтағы мақсат-міндеттерін орындау мәселелері талқыланды.

📝 Осы жиында Академияның белсенді студенттері алдағы уақытта ұйымдастырылатын жиындар мен іс-шаралар тізімін жасап, студенттік «Болашақ» Республикасының Президентімен алдағы жоспарлар туралы ой бөлісті. Аталған жиында 1 курс студенттерінің басын қосып, оларды Академия өміріне тарту көзделді. Өткен жиын нақты жоспарлар мен тың идеяларға толы болды. Жаңа Президентке айтарымыз: ақыл, күш, жігеріңіз сарқылмасын, алға қойған мақсаттарыңыз нәтижелі болсын демекпіз!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.