2026 жылғы 20 ақпанында Фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Темиреева Н.Б. Фм-25-2 топ студенттерімен «Нашақорлық пен лудоманияға қарсы күрес» атты кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың негізгі мақсаты:

1 Студенттерді ақпараттандыру – нашақорлық пен лудоманияның қауіптілігін, олардың денсаулыққа, психикаға, оқу мен отбасыға әсерін көрсету.
2. Салауатты өмір салтын насихаттау – спорт, хобби, дұрыс орта таңдау арқылы зиянды
әдеттерден аулақ болуға үйрету.
3. Қорғаныс дағдыларын қалыптастыру – жастарға «жоқ» деп айта білуге, тәуелділіктен аулақ болуға мүмкіндік беру.
4. Қоғамдық жауапкершілікті арттыру – мектеп, отбасы, қоғамның жасөспірімдерге қолдау
көрсетудің маңыздылығын көрсете білу

Күн тәртібінде талқыланған мәселе бойынша оқытушысы Темиреева Н.Б. қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді атап айтқанда — нашақорлықтың зиянын, лудоманияның қауіптілігі, алдын алу жолдарын, зиянды әдеттерге қарсы күрестің маңыздылығын айтып, зиянды нәрселерден аулақ болуға шақырды.

Іс-шара барысында Фм-25-2 топ студенттері Алмеш Жансая , Дұрмаханова Сымбат өз ой-пікірлерін білдіріп: Нашақорлық ұғымы, Нашақорлық — есірткі заттарына физикалық және психологиялық тәуелділікке алып келетінін, және оның негізгі белгілері:
— Есірткіні жиі қолдану қажеттілігі
— Дозаны көбейту
— Қолданбағанда мазасыздық, ауырсыну
— Әлеуметтік өмірдің бұзылуы деп ал, Ашубай Айғаным,Махмут Гүлзира лудомания ұғымын ,
Лудоманияның себептері:
— Жеңіл ақша табу ойы
— Адреналинге тәуелділік
— Стресс пен жалғыздық
— Жарнама мен интернеттің қолжетімділігі
— Психологиялық әлсіздік атап айтты.
Іс-шара соңында Мусабаева Аружан студенттерге қызықты Quiz ойынын ойнатты.

Қорытынды сөз: Бұл өткізіліп отырған кураторлық сағатымыз сіздерді нашақорлыққа және лудоманияға қарсы күресте белсенді болуға шақырады. Нашақорлық пен лудомания — қоғамға қауіпті тәуелділіктер. Олардың алдын алу үшін отбасы, оқу орындар және қоғам бірлесіп жұмыс істеуі қажет. Әр адам өз денсаулығы мен болашағына жауапты болуы тиіс.