«Болашаққа сеніммен» кәсіптік бағдар беру жұмысы

2025 жылдың 15 қаңтарында Қарағанды облысы, Балқаш қаласының «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің» 9,11 сынып оқушылары мен Ә.Мусин атындағы техникалық – гуманитарлық колледждің түлектерімен Педагогика» кафедрасының аға оқытушылары: Байбекова В.А., Мекадилова С.К. кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша  «Болашаққа сеніммен» тақырыбында әңгіме-сұхбат жүргізілді.

Кездесу барысында Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы «Bolashaq» академиясының орны, оның соңғы жылдардағы республикалық рейтингтегі ең жоғары деңгейлері, студенттер саны, білім беру нысандары, білім сапасы туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ білім сапасы, бакалавр дипломы, халықаралық қатынастар, оқу процестері мен жетістіктері туралы мәліметтер айтылды.

Оқу орнына жергілікті жерлерден талапкерлер тарту мақсатында «Bolashaq» академиясына оқуға түсудің ережелерін және жеңілдіктер туралы айтылды. Колледж шәкірттері өздерін толғандырып жүрген сұрақтары бойынша біршама мәліметтер алды. Кездесу барысында «Bolashaq» академиясының негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, оқыту нысандары туралы ақпарат ұсынылды,  академия өмірі туралы мәліметтермен таныстыратын буклеттер мен «ЛиМоНаД» журналдары таратылды.

«Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің» кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты Мухамеджанова Фарида Айтказиевнаға алғысын білдіріп, алдағы уақытта мектеп түлектерімен үлкен кездесу ұйымдастырып, оған  «Bolashaq» академиясының оқытушыларын шақыратынын мәлімдеді.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.