20-қазанда Қарағанды «Bolashaq» академиясында Республика күні қарсаңында жалпықазақстандық диктант жазу жүзеге асырылды.Диктантқа академия студенттері белсене қатысты.
Студенттердің бойында патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттің құндылықтарын құрметтеу мақсатында жазылған диктантқа 300 ге тарта студент қатысты.
Диктант жұмысын қадағалап, тексеруге арнайы комиссия құрылды.
Комиссия төрағасы мен комиссия мүшелері диктант жұмыстарын тексеріп, диктантты сауатты, қатесіз жазған студенттерге жүлделі орындар белгіледі.
1-орын – Шари Қымбат К-21-1
2- орын- Рахимова Зарина ФМ – 21-1
3-орын- Әбіш Толғанай ДОВ – 20-2
Мұстафина Рыскүл Ю-19-2