Ерікті ел – Қазақстан Республика!

21.10.2024 жылы Педагогика кафедрасының аға эдвайзері Мекадилова С.К., ПМНО-24-2 тобының эдвайзері Қосманова А.Б. ұйымдастыруымен студенттер үйінде “Республика! Ерікті ел – Қазақстан» атты мерекелік кеш өтті.

Мақсаты:

– студенттерді өз Отанын сүюге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеуге;

– Елінің туын, елтаңбасын, әнұранын қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеуге үлес қосу.

 Бұл кеште студенттер Республика күні туралы жаңа көптеген ақпараттар алып, қызықты уақыт өткізді.

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам!

Жаңа ғасырға құшағын кең ашып, үмітін үкілеп отырған халықтың көңілі – шат, жүзі – жайдары. Еркіндіктің таңы атты. Тәуелсіздіктің кемесіне мініп, міне,ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз ғұмырлы болсын!

Сонымен қатар, мерекелік кеште би билеп, ән шырқалды, Республика күніне қатысты викториналық сұрақтарға жауап беріп, “Атамекен” әнімен  аяқталды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.