29-30 ноября 2019 в г.Алматы прошел фестиваль гуманной педагогики «Зерна», в которой приняли наши студенты.
В состав делегации вошли также студенты других вузов Караганды, являющиеся членами клуба гуманной педагогики.
Студенты благодарят академию “Bolashaq” за активную деятельность Центра и клуба гуманной педагогики.
Адамгершілік педагогика клубының мүшесі Аманбекова Айгерим:
Біз, адамгершілік педагогика клубының мүшелері , жақында өзіміздің кәсіби және рухани деңгейіміздің өсуіне зор ықпал еткен 29-30 қараша аралығында Алматы қаласының белгілі да үздік « Rixos» қонақ үйінің салтанатты алаңында алыс және жақын шетелдерден 1000-ға жуық қонақтарды біріктірген “Зёрна” адамгершілік педагогикасының халықаралық фестиваліне қатыстық.
Іс-шараның басты спикерлері – психология ғылымдарының докторы, Ресей білім академиясының академигі Шалва Амонашвили, халықаралық адамгершілік педагогика орталығының президенті Паата Амонашвили, “Айб” білім беру қорының негізін қалаушы Арам Пахчанян, “Razum Life” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марина Таргакова, “Бөбек” Ұлттық орталығының педагог-ғалымдары , сонымен бірге Әлия Назарбаева да қатысты.
Бұл шара жастар үшін баға жетпес тәжірибе, жарқын болашаққа бағдар берер жол деп сенімді айта аламын. Себебі, осы фестивальдің барысында өткізілген мастер-класстар, ашық кеңестер бізді өзімізді қоршаған жандарға, өсіп келе жатқан бүлдіршіндерге махаббат пен сүйіспеншілікпен қарауға үйретеді, адамгершілік, ізгілік пен мейірімділік секілді қасиеттерді басты мұрат деп тұтуды мақсат етеді. Фестиваль біз үшін өте әсерлі, қызықты және танымды болды. Жоғарыда мен айтып кеткен сыйлы тұлғалармен танысу, олармен әр түрлі талқылаулар өткізу мен үшін ерекше құрмет пен тәжірибе болды.
«Bolashaq» академиясының ректоры Қ.Н.Меңлібаевқа., Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасына, сондай-ақ педагогтарына және адамгершілік педагогика клубына шексіз алғысымды білдіремін.
«Кең пейілді кем болмас» дегендей, тәлімгерлеріміздің насихаттаған сөздерін жүрегіміздің түкпірімізде сақтайық, ұранымыз деп білейік!